Атырау, 23 желтоқсан 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Жол қозғалысындағы өзгерістер

– «Жол қозғалысы туралы» ҚР заңының 54-бабына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, 22-тармақта «бұл үшін арнайы бөлінген, тиісті жол белгілерімен және нұсқағыштармен белгіленген орындардан басқа, елді мекендердің жолдарында және көшелерінде» тоқтауға тыйым салынған абзац алынып тасталған. Енді көлік құралын қай жерге тоқтатып, қоюға рұқсат етіледі және тыйым салынады? 29 қаңтар 2015, 00:00 3 577 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кейінге қалған қоныстой

– Өткен жылы «АЖ»-да Атырау қаласында 2014-2020 жылдары күрелуге кететін апатты және тозығы жеткен үйлердің тізімі жарияланды. 2015 жылы бірінші кезекте біз тұратын Гагарин көшесі, 124 мекен-жайындағы жатақхана күрелуге кетеді деп тұр. Жатақхана қашан күреледі? 29 қаңтар 2015, 00:00 2 094 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құқығыңызға қол сұғылмасын

– Жанармай құю бекетінен жанармай құйып жатқан кезде «тапаншаның» әлі алынбағанын байқамастан қозғалып кеткен едім. Бірер күннен кейін маған осы жанармай бекеті желісінің қауіпсіздік қызметінің бастығымын деп таныстырып, бір адам ұялы телефоныма қоңырау шалды. Ол қоқан-лоқы жасай бастап, тез арада келіп, 22 мың теңге айыппұл төлеу керектігімді талап етті. Мен сотқа шағымдануды ұсындым, менің кінәм дәлелденген жағдайда сот шешімімен айыппұл төлейтіндігімді айттым. Жанар-жағармай бекеті қызметінің талабы қаншалықты заңды?  15 қаңтар 2015, 00:00 2 573 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Отыр да күт

– Таяуда Сәтпаев даңғылында мені жол-патрульдік қызметінің қызметкері тоқтатты. Менен басқа тағы 6 көлік тоқтатылды. Жол қозғалысы ережесіндегі жаңа толықтыруларға сәйкес, егер инспектор өтінбесе, жүргізушінің көліктен шығуға құқығы жоқ. Сондықтан маған кезек келгенше ұзақ күтуіме тура келді. Мұндай жағдайда жүргізуші инспекторға асығып тұрғанын қалай түсіндіре алады? 15 қаңтар 2015, 00:00 2 135 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қабылдап, жөндеу жүргізеді

– Неліктен Тёплый және Холодныйканалдарынан өтетін көпір маңындағы Говоров көшесінен тергеу изоляторы мен түзеу колониясына дейінгі аумақты асфальттамайды? Бұл жолды күн сайын жүздеген жүргізуші пайдаланады ғой. 25 желтоқсан 2014, 00:00 2 153 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Автобустар тапшы болып тұр

– Неліктен Нұрсая – Бейбарыс даңғылы – ескі базар – Баймұханов – «Дина» базары бағытында жүретін №22 автобус маршрутын алып тастады? Осы бағыт бойынша автобус қозғалысын қайта іске қосуға болмай ма? 25 желтоқсан 2014, 00:00 2 348 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мәртебе бойынша тиесілі

– Мен басқа елдің азаматымын. ЖШС құрылтайшысы болып табыламын. Қазақстан Республикасында мекендеу құжатын (ықтиярхат) алғаннан кейін құрылтайшы ретінде менің мәртебем қандай болмақ? Осы ЖШС қазақстандық бола ма, әлде шетелдік қатысы бар ЖШС болып қала ма? ЖШС жарғысына өзгерістер енгізу керек бола ма?  25 желтоқсан 2014, 00:00 2 008 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қырсық шалған үлес

– Ұлым полицияда жұмыс істейді, жасы 25-те. 2013 жылы ол бюджеттік сала қызметкері ретінде баспана кезегіне тұрды. Ал, үйленгеннен кейін «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша кезекке тұруды ұйғарды. ТКШ бөліміндегілер оның өтінішін қабылдамады, оның үстіне, 5 жылға кезектен алып тастаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен.  18 желтоқсан 2014, 00:00 2 286 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жол бірден салынған жоқ

– Біз «Мұнайшы» бағбандар қоғамының массивінде тұрамыз. Бірнеше ай бұрын бұл жерде жолды кеңейткен еді. Содан бері жолды кесіп өту, балаларды айтпағанда, ересектер үшін өте қауіпті болып кетті. Жаяу жүргіншілер өткелін неліктен жасамаған? 18 желтоқсан 2014, 00:00 2 258 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Фирмаңызды қалай атайсыз...

– Фирманың атын өзгертуге байланысты ЖШС-ні қайта тіркеу туралы Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш бердім. Белгіленген мерзімде құжатымды алуға келгенде әділет департаментінен «ЖШС-ні мемлекеттік қайта тіркеу мерзіміне үзіліс жариялау туралы» бұйрық алдым. Өйткені, бұл жаңа атау басқа заңды тұлғаның қолданысында екен. Енді заңды тұлға үшін қандай да болмасын басқа атау бос па, жоқ па, тексеру үшін қайда жүгінген жөн?  18 желтоқсан 2014, 00:00 2 163 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тұзақ-бағдаршам

– Жилгородок-Авангард көпіріне жақын жердегі, екі қабатты үйлердің маңындағы Әуезов көшесіндегі бағдаршамның жұмысы тым өзгеше. Жасыл түс сары түске жыпылықтамастан қосылады, сары түс тек қас-қағым сәтке ғана жанып, сол мезет қызыл түске ауысады. Бұл көлік жүргізу процесін қиындатады.  11 желтоқсан 2014, 00:00 2 588 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жолдағы қарауылдар

– ІІБ басшылығы жол полицейлерінің әкімшілік полиция болып құрылуына байланысты қала бойынша автокөліктерде тұрақты түрде патруль жасап, «олжалы» жерлерде (№30 мектеп жанындағы көпір астында, Дина Нұрпейісова атындағы МС жанындағы бағдаршамнан кейін және т.б.) кезекшілік етуді тоқтататындығын әлденеше рет мәлімдеді.  11 желтоқсан 2014, 00:00 2 179 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек байланысы

–Жұмысқа орналасқан кезде біздің жұмыс берушіміз жұмысшылармен еңбек келісімшартын емес, бас директордың қолы қойылған қызмет көрсету жөніндегі әріптестік келісімшартын жасайды. Ол белгілі бір мерзімге беріледі және ол біткен кезде тараптардың бірі тоқтатуды талап еткенше еңбек қатынасы іс жүзінде жалғаса береді.  11 желтоқсан 2014, 00:00 2 097 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қызметтің болмауы есеп беруді жоймайды

– Мен пәтерімді жалға беріп, бәрі заңды түрде болу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Өткен жылы пәтерді жалға бермейтін болып, ресми түрде ЖК қызметін уақытша тоқтаттым. Жылжымайтын мүлікті жалға беру патенті бойынша ЖК қызметін тоқтатқан уақыттан бастап қандай есептемелер мен салықтарды қандай мерзімде тапсыру керек?  27 қараша 2014, 00:00 2 244 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тегіңізге қатысты қиындықтар

– Бірнеше жыл бұрын ажырасып, өзімнің қыз кезімдегі фамилиямды алуды ұйғарған едім. Алайда сол кезде мұнымен айналысатын жағдайым болмады. Енді жеке бас куәлігімді бұрынғы фамилияма ауыстырғым келеді. Құжатты бірден рәсімдемегенім үшін айыппұл төлеуге тиіс екенім рас па? 27 қараша 2014, 00:00 2 029 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Аудан бар да, жолдар жоқ

– Ақсай мен Томарлы селоларының арасындағы Көктем поселкесінің көшелері қашан асфальтталады? Бес жыл бұрын жер телімін алып, үй салған едік. Күзгі және көктемгі жаңбырлы маусымда өрт сөндіру машинасы да, жедел жәрдем көлігі де поселкеге кіре алмайды.  20 қараша 2014, 00:00 2 105 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келе де, кете де алмайды

– Қарқынды салынып жатқан Нұрсая мен Жерұйық ықшам-аудандарында тұрғын үй массивтерінен бөлек жеке балабақшалар мен ірі оқу орындары: APEC Petrotechnic пен Назарбаев зияткерлік мектебі орналасқан. Оқушылар таңертеңгілік сабаққа әрең жетеді, ал 19.30-дан кейін үйлеріне кете алмайды. Өйткені, мұндай уақытта №30а және №4 маршруттар бойынша автобустар жүрмейді. Күндізгі уақытта автобустар арасындағы ара қашықтық бір сағат және одан көп уақытты құрайды. Оның үстіне маршрутқа тиесілі мөлшерден екі есе көп адамдар мінетін шағын автобустар мен «Газельдер» қызмет көрсетеді.  Нұрсая ықшамауданындағы қоғамдық көлікке қатысты проблема қашан шешіледі? 20 қараша 2014, 00:00 2 038 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ауқымды емес

– БАҚ-тарда Өзбекстан шабақтардың азығы мен суалып жатқан Арал теңізінің ауқымды тұзды алқаптарында құрылған косметологиялық өнеркәсіп үшін шикізат ретінде қолданылатын микроскопиялық үшкөзді шаян - артемия жұмыртқасын өнеркәсіптік дайындауды жолға қойды деген ақпарат шыққан еді. Облысымызда да сор жерлер жеткілікті. Ендеше тиімді өндірісті неліктен жолға қоймасқа? 20 қараша 2014, 00:00 2 052 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүгедектің мүддесі

– Ұлым туа бітті жүйке сырқатымен ауырады, ІІ топ мүгедегі. Психологиялық диспансер есебінде тұр. 3 бөлмелі пәтеріміз бар, жекешелендіру келісімшарты 4 адамға, соның ішінде ұлыма да рәсімделген. Қызыма бір бөлігін беру үшін пәтерді қалай ауыстыруға немесе сатуға болады? Нотариус алдымен ұлымның жағдайын анықтап, соттан құжат алу керектігін айтады. Айтыңыздаршы, қайда барғаным жөн? Менің сотқа қатысу үшін адвокат жалдауға мүмкіндігім жоқ. 13 қараша 2014, 00:00 2 289 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ескек есу спортына қолдау қажет

– Балаларымыз каноэ мен байдарка есу секциясына барады. Бізге спортшылардың қандай жағдайда жаттығатынын көру өте ауыр. Қайықтар 14 жылдан бері жаңартылмаған. Қалалық спорт комитетіндегілер жазда жаңа байдаркалар алуға уәде берді, бірақ оларды ешкім де сатып алған жоқ. Біздің жаттықтырушымыз Андрей САФАРЯН балалар үшін өз қаржысына байдаркалар сатып алды. Спорт комитеті де спортшылардың сайысқа бару сапарларын құлықсыз қаржыландырады. Жаттықтырушыға бұл ақшаны әрең алуына тура келеді. Жазда балаларымыз Орал қаласына сайысқа барып, бүкіл дерлік жүлделі орындарды алып қайтты. 13 қараша 2014, 00:00 2 352 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жас отбасылар баспанасы

– Күйеуіміз екеуміздің екі баламыз бар, бірі – мүгедек. 2014 жылдың мамырында біз қалалық ТКШ бөліміне мемлекеттік бағдарламаға жас отбасы ретінде қатысуға өтініш берген едік. Тамызда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде өзіміздің төлем қабілетімізді растатып, сол жерден есепшот аштырдық. Құжаттарымызды тапсыру үшін қалалық ТКШ бөліміне келген кезде күтпеген жерден банктің бағдарламаға қатысушыларды шығарып жіберуге құқылы екенін білдік. ТКШ бөліміндегілер пәтерлерді жыл аяғында немесе келесі жылы бөле бастайтындығын хабарлады. 3 айдан бері әлі алынбаған баспана үшін ақша төлеп жатырмыз. Оны кешікпей алатындығымызға ешқандай сеніміміз жоқ. Пәтерлер қашан дайын болады? Адамдарға 2012 жылы пәтерлер беруге уәде беріп, тек 2014 жылы ғана берген жағдайларды білетін едім. 13 қараша 2014, 00:00 2 388 рет қаралды