Атырау, 27 желтоқсан 01:25
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Жол бірден салынған жоқ

2 140 просмотра

 

– Біз «Мұнайшы» бағбандар қоғамының массивінде тұрамыз. Бірнеше ай бұрын бұл жерде жолды кеңейткен еді. Содан бері жолды кесіп өту, балаларды айтпағанда, ересектер үшін өте қауіпті болып кетті. Жаяу жүргіншілер өткелін неліктен жасамаған?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық ІІД ӘПБ жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Асылбек БОРАНБАЕВ жауап берді:

– Қазіргі кезде бұл учаскеде жол жұмыстары аяқталған жоқ. Жоба бойынша бұл жерге аялдама павильонын орнату қарастырылған. Аялдама орнатылған бойда жаяу жүргіншілер өткелі де жасалатын болады. Ал, болашақта осы жерге бағдаршам нысанын орнату жоспарланған. Бұл үшін барлық қажетті коммуникациялар жүргізілген. Бюджеттен қаржыландыруды күту ғана қалып тұр.

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.