Атырау, 27 желтоқсан 00:58
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Аудан бар да, жолдар жоқ

1 993 просмотра

– Ақсай мен Томарлы селоларының арасындағы Көктем поселкесінің көшелері қашан асфальтталады? Бес жыл бұрын жер телімін алып, үй салған едік. Күзгі және көктемгі жаңбырлы маусымда өрт сөндіру машинасы да, жедел жәрдем көлігі де поселкеге кіре алмайды. 

Арман К.

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ жауап берді:

– «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның 60-бабына сәйкес, нысандардың және олардың кешендерінің құрылысы, сондай-ақ, коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген елді мекеннің Бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Көктем ықшамауданы тұрғындарының өтініші жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінген кезде ескерілетін болады.

20 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.