Атырау, 27 желтоқсан 00:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Затыңыз сақталуы тиіс

2 464 просмотра

– Біз супермаркеттерге кірмес бұрын күзетшілер талап еткендей өз сөмкелерімізді ұяшықтарға қалдырып кетуге міндеттіміз бе? Оның үстіне, олар дүкеннің сөмкеміз үшін жауап бермейтінін айтады.

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово защиты»  адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА жауап берді:

– Көбінесе дүкендерде, әсіресе, ол үлкен болса, кірер кезде сақтау камерасына сөмкеңізді қалдырып кетуіңізді талап етеді. Шығар кезде сізден сөмкеңіз бен қалтаңыздың ішіндегіні көрсетуді талап етуі мүмкін. Солай десе де, сақтау камерасының ұяшықтарының үстінде «Әкімшілік қалдырылған заттар үшін жауап бермейді» деген жазу ілініп тұрады. Бұл жағдайда өз құқығыңыз туралы не білу керек? Бірде бір заң сіздің жеке затыңызды дүкенге кірерде сақтау камерасына тапсыруға міндеттемейді. Бірде бір сатушының, мейлі, ол жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болсын, өз қызметкерлері арқылы сатып алушыдан заттарын сақтау камерасына қалдыруды талап етуге құқығы жоқ. Ол тек ұсына алады, ал, сатып алушының одан бас тартуға толықтай құқығы бар. Тіпті, шабаданмен жүрсеңіз де. ҚР заңы бойынша сауда жасау кезінде өз мүлігіңізден айырылысуға міндетті емессіз, өйткені, заттарды сақтау камерасына тапсыруға мәжбүрлеу сіздің ерікті түрде келісімшарт жасау құқығыңызды бұзады делінген. Бұл жағдайда ауызша түрде сақтау келісімшарты. Азаматтық кодекстің «Шарт еркiндiгi» деп аталатын 380-бабында азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi делінген. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңының 8-бабында да осылай айтылған. Сақтау камерасына сөмкелерді тапсыру сіздің құқығыңыз, егер қаласаңыз, өзіңізге қолайлы болу үшін сөмкелеріңізді тапсыра аласыз. Қазақстан заңнамасы күзеттің сізді және сөмкелеріңізді жеке тексеру құқығын қарастырмайды. Оның үстіне «Күзет қызметі туралы» ҚР заңының 4-бабы азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын бұзуға тыйым салады. Дүкеннің сақтау камераларының ұяшықтарында заттардың сақталуына жауапкершілік туралы мәселеге келер болсақ, АК-нің 775-бабының нормаларында айтылғандай, сақтаушы оның сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi, тиісінше, дүкен сақтау камерасында қалдырылған заттар үшін жауап береді. 

15 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.