Атырау, 5 қараша 05:16
 дождьВ Атырау +10.3
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53

Сәбиге арналған мүгедектік

2 402 рет қаралды

– Біз Даун синдромына шалдыққан 2 айлық сәбидің ата-анасымыз. Осындай сырқаты бар балаларға мүгедектік тағайындала ма? ҚР-ның қандай емханаларында оңалту жүргізіледі?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВА түсінік берді:

– Иә, Даун синдромы бар балалар үшін мүгедектік қарастырылған. Оны рәсімдеу үшін ата-аналар мекенжайы бойынша емханаға генетикалық тексеру нәтижелерімен жүгінуі тиіс. №88 нысан толтырылғаннан кейін оларды дәрігерлік-еңбек сараптау комиссиясына жібереді. Солар берген қорытынды негізінде балаға мүгедектік тағайындалады. Бір жасқа толғанда Даун синдромы бар сәбилер үшін Астанадағы оңалту орталығына квота қарастырылған.

20 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.