Атырау, 27 желтоқсан 00:36
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Еңбек байланысы

1 962 просмотра

–Жұмысқа орналасқан кезде біздің жұмыс берушіміз жұмысшылармен еңбек келісімшартын емес, бас директордың қолы қойылған қызмет көрсету жөніндегі әріптестік келісімшартын жасайды. Ол белгілі бір мерзімге беріледі және ол біткен кезде тараптардың бірі тоқтатуды талап еткенше еңбек қатынасы іс жүзінде жалғаса береді. Алайда басшылық кез келген уақытта жұмыстан босату туралы бұйрық шығармастан келісімшарттың бұзылғаны туралы хабарлама бере алады. Кадрлар бөліміндегілер түсіндіргендей, жұмыстан босату туралы бұйрық шығармастан ЖШС басшылығының кез келген уақытта қызметкермен әріптестік келісімшартын бұзуға құқығы бар екен. Оған  тек хабарлама ғана негіз болып отыр, штаттың немесе қызметкерлер санының қысқартылуы бойынша өтемақы, нақты жұмыс жасаған уақыттағы демалыс, мереке күндері жасаған жұмыс үшін еңбекақы есептеу мұндай келісімшарт бойынша тиесілі емес екенін айтады.

Сонымен қатар, жұмыс беруші әріптестік келісімшарты бойынша зейнетақы жарналарын да аудармайды. ҚР заңнамасының талаптарын орындауда ЖШС басшылығының әрекеті заңды ма?

azh.kz сайтынан

Сұраққа «Слово Защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВА түсінік берді:

– Еңбек кодексінің 9-бабында еңбектің еңбек қатынастарына тікелей байланысты, әлеуметтік әріптестікті, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтіндігі көрсетілген. Еңбек құқығының нысанасына еңбек процесінің өзі міндеттеме нысанасына айналатын қоғамдық қарым-қатынастар жатады.

Мұндай қарым-қатынастар: қызметкерді тиісті бұйрықпен мекеме штатына енгізу; қызметкердің өзіне жүктелген қызметті атқаруы, яғни, бір күн ішінде қызметкер өзіне тапсырылған жұмысты орындайды, ал жұмыстағы үзілістерде (демалыс және мереке күндері, еңбек демалысында және т.б.) еңбек құқықтық қарым-қатынасын үзбейді, ішкі еңбек тәртібі жағдайында жұмыстарды орындайды, қызметкер еңбекақы алуға құқылы және т.б. сияқты белгілерге ие.

Жоғарыда аталған бүкіл белгілер қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы екітарапты жазбаша келісім болып табылатын еңбек келісімшартының нысанасы болуы тиіс.

Алайда, еңбек тек міндетін орындау әдісі ғана болатын (мысалы, жекелеген тапсырмаларды, қызметтерді орындау немесе сіздің жағдайыңызда - әріптестік) қоғамдық (азаматтық-құқықтық) қарым-қатынас бар. Мұндай тапсырмаларды, жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін қарым-қатынас тоқтатылады. Бұл жағдайларда еңбекті және оның ақырғы нәтижесін қолдануға қатысты туындайтын қатынастар Еңбек Кодексінің қолданыс саласынан тысқары жатыр. Яғни, әріптестік келісімшартына Еңбек кодексінде қарастырылған еңбек шарты қолданылмайды және жұмыс орындаушы орындалғаннан кейін жойылатын жеке-нақты тапсырмаға ие. Мұндай келісімшарттар ҚР Азаматтық кодексімен және сіздің әріптестік келісімшартыңыздың шарттарымен реттеледі. Оны жасау кезінде сіз және екінші тарап барлық тармақтар бойынша келісімге қол жеткізуге тиіс.

ҚР Конституциясы азаматтың негізгі құқықтары қатарында еңбек бостандығына құқығын, қызметтің және мамандығының еркін таңдауын белгілейді, басқаша айтқанда, әркімнің өз жұмыс күшіне билік етуге, еңбекті таңдауына, өз мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, тілектері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес жұмыс жасауға құқығы бар.

Сондықтан, егер сіздің еңбегіңіз азаматтық емес, еңбек қарым-қатынасына жататын болса, онда қазіргі кезде ЖШС басшылығына жазбаша түрде сізбен еңбек келісімшартын жасауға өтініш беруіңіз керек. Онда сіздің еңбек шартыңыз (өтемақылар, еңбекақы мен еңбек демалысын төлеу) реттелетін болады. Өзіңізге құжаттың қабылданғаны туралы кеңсе мөрі соғылған осы өтініштің көшірмесін қалдырғаныңыз жөн.

Әрі қарай, егер ҚР Еңбек Кодексінің нормалары бойынша сізбен еңбек келісімшартын жасауға міндетті жұмыс беруші оны жасамаған болса, ал сіз талап еткен болсаңыз (сіздің бұған ресми жазбаша құжатыңыз болады), онда кейіннен сізді жұмыстан заңсыз шығарған жағдайда (егер ЖШС штатында немесе қызметкерлер санында қысқартулар болса, онда осы қысқартулар бойынша өтемақы төлеуді талап етуге), сіз жұмыстан заңсыз босатылғандықтан жұмысқа қайта алуды, сонымен қатар басқа төлемдерді: еңбекақыны, еңбек демалысы төлемдерін және т.б. талап етуге құқылысыз.

11 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.