– Жилгородок-Авангард көпіріне жақын жердегі, екі қабатты үйлердің маңындағы Әуезов көшесіндегі бағдаршамның жұмысы тым өзгеше. Жасыл түс сары түске жыпылықтамастан қосылады, сары түс тек қас-қағым сәтке ғана жанып, сол мезет қызыл түске ауысады. Бұл көлік жүргізу процесін қиындатады. Бұдан басқа, жазда бағдаршамды теректердің жапырақтары бүркеп, сигналды алдын ала көру мүмкін болмай қалады. Нәтижесінде көлік жүргізушілер Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзып, тоқтау сызығына өтеді немесе шұғыл тежегіштерін басады (бұған да ЖҚЕ-мен тыйым салынған). Әрі кеткенде, қиылысты сары немесе қызыл түс жанғанда кесіп өтеді. Жанындағы Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет сарайында үнемі әкімшілік полиция көлігі кезекшілікте тұрады, полицейлер хаттамалар толтырады. Полиция қызметкері жедел басқару орталығына рациямен хабарласып, қиылысты қызыл түс жанғанда кесіп өткеніңізді растайды. Мұндай ереже бұзушылық 10 АЕК-ті құрайды. Жүргізушілерді «Тыйым салынған сигналға өту» бабы бойынша ресімдейді. Алайда ЖҚЕ 5.6 тармағында: «Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимi жасыл сигналдың тiкелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтiн жағдайларда, шұғыл тежеуге жүгiнбей тоқтата алмайтын жүргiзушiлерге Ереженiң 5.5-тармағында белгiленген жерлерде әрi қарай қозғалуға рұқсат етiледi» делінген. Қаладағы басқа бүкіл құрылғылар жұмыс істейтін әдеттегі режиммен жұмыс жасайтындай бағдаршамның жұмысын реттеуге бола ма? Немесе автоәуесқойларда тежеу мүмкіндігі болып, ЖҚЕ-ін бұзбау үшін жасыл сигналдың жыпылықтау уақытын ұзартуға немесе сары сигналдың ұзақтығын көбейтуге болмай ма?
azh.kz сайтынан
Сұраққа Атырау облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:
– Әуезов – Одесская бағдаршам нысанында реттеуші аппаратура ретінде бақылаушы УК құрылғысы орнатылған. Бұл құрылғыда тыйым салынған сигналға ауысар алдында жасыл сигналдың 3 секундтық жыпылықтау қызметі қарастырылмаған. Бағдаршамның сары сигналы 3 секунд жанады, бұл нормаға сай келеді. Бақылаушыны жетілдірілген түріне ауыстыру 2015 жылға жоспарланған.