Атырау, 27 желтоқсан 01:26
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Валюта саяхаты

3 970 просмотра

– Кедендік одақ шекарасы арқылы жеке тұлғалардың қолма қол ақшаны әкелу және әкету тәртібі қандай?

Телефон арқылы

Сұраққа «ҚР Ұлттық банкі» РММ Атырау филиалының экономисі, бас маман Арсен КУБЕКОВ жауап берді:

– Жеке тұлғалардың қолма қол ақша құралдары мен ақша қаражатын Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы алып өту тәртібі 2010 жылдың 5 шілдесінде КО-қа қатысушы елдердің басшылары қол қойылған келісімшартта белгіленген. Бұл құжат ҚР 2011 жылғы 17 қаңтардағы № 389-IV «Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР заңымен расталған. Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар, әрине, КО пен ҚР кедендік заңнамасының талаптарын сақтай отырып, КО кедендік аумағына қолма-қол ақшаны немесе жол чегін шектеусіз мына тәртіптермен әкеле және әкете алады:

1) баламасы 10 мың АҚШ долларына тең не одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын немесе жол чектерін біржолғы әкелген кезде көрсетілген ақша қаражаты немесе жол чектері жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатпайды;

2) баламасы 10 мың АҚШ долларынан асатын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын немесе жол чектерін біржолғы әкелген кезде көрсетілген ақша қаражаты немесе жол чектері әкелінетін қолма-қол ақша қаражатының немесе жол чектерінің барлық сомасына жолаушының кедендік декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялануға жатады.

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес, Кеден одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда.

Жеке тұлғаның баламасы 10 мың АҚШ долларынан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол ақша қаражатын немесе жол чектерін біржолғы әкелуі жеке тұлғаның қалауы бойынша жазбаша нысанда декларациялануы мүмкін.

Егер жеке тұлға Кедендік одаққа қатысушы елдерден вексельдер секілді ақша құралдарын, чектер (банктік чектер), сондай-ақ, эмитенттің (борышкердің) ақша қаражатын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын, мұндай төлем жүзеге асырылатын тұлға көрсетілмеген құжаттандырылған нысандағы бағалы қағаздарды әкетуді жоспарлаған болса, онда ол мұны кедендік декларациялау шартымен жазбаша түрде, сондай-ақ, жолаушының кедендік декларациясы арқылы жасай алады.

Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы жазбаша нысанда міндетті түрде декларациялануға жататын қолма-қол ақша қаражатын немесе ақша құралдарын өткізуі кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында жолаушының кедендік декларациясында мынадай мәліметтер қосымша көрсетілуі тиіс:

1) жеке тұлғаның туған күні мен туған жері шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында болу (тұру) құқығын растайтын құжаттың деректемелері, тұрғылықты (тіркелген) жерінің немесе кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында болу орнының мекенжайы;
2) жол чектерін қоспағанда, ақша құралдары туралы мәліметтер. Ақша құралының түрі, эмитенттің атауы, шығарылған күні және болған жағдайда сәйкестендіру нөмірі;

3) қолма-қол ақша қаража-тының және (немесе) ақша құралдарының көзі, олардың иелері (декларанттың меншігі болып табылмайтын қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізген жағдайларда), сондай-ақ, болжамды пайдаланылуы туралы мәліметтер;
4) қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын тасымалдаудың бағыты және тәсілі туралы (көліктің түрі туралы) мәліметтер.

КО кедендік шекарасы арқылы белгіленген құндық шектеулер шегінде мәдени құндылық болып табылмайтын бағалы металдардан жасалған монеталарды алып шығуға болады. Әкелінетін және әкетілетін тауарлардың жалпы құны баламасы 25 000 АҚШ долларынан аспауы тиіс.

11 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.