Атырау, 27 желтоқсан 01:27
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Қалпына келтіріледі

1 873 просмотра

– 7 жасар баланың төлқұжатын қалай қалпына келтіруге болады?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық ХҚКО бастығының орынбасары Тұрлан НҰРЖАНОВ жауап берді:

– Сәбидің (16 жасқа дейінгі) төлқұжаты жоғалған жағдайда құжатты қалпына келтіру туралы өтінішті оның ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі ұсынады. 14 жастан жоғары балалар құжаттарын қалпына келтіру кезінде қатысуы қажет.

Сәби (16 жасқа дейін) төлқұжатын қалпына келтіру үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) төлқұжаттың жоғалу жағдайы көрсетілген жазбаша өтініш;

2) 4 АЕК (7 408 теңге) мөлшерінде төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығы төленгендігі туралы түбіртек;

3) жоғалған төлқұжаттың көшірмесі (егер бар болса);

4) сәбидің туу туралы куәлігі (көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасы);

5) ата-аналардың бірінің жеке бас куәлігі (көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасы);

6) мекен-жай анықтамасы (ХҚКО-нан алуға болады) немесе азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы).

Егер төлқұжат шетелде жоғалған болса, шетелдегі ҚР дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық ұйымы ҚР-на кіруге және оның аумағы бойынша тұрақты мекен-жайға жетуге жарамды болатын қайта оралу куәлігін береді. Бұл куәлікпен келісімдер және басқа да әрекеттер жасау мүмкін емес.

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.