Атырау, 27 желтоқсан 01:04
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Фирмаңызды қалай атайсыз...

2 022 просмотра

Фирманың атын өзгертуге байланысты ЖШС-ні қайта тіркеу туралы Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш бердім. Белгіленген мерзімде құжатымды алуға келгенде әділет департаментінен «ЖШС-ні мемлекеттік қайта тіркеу мерзіміне үзіліс жариялау туралы» бұйрық алдым. Өйткені, бұл жаңа атау басқа заңды тұлғаның қолданысында екен. Енді заңды тұлға үшін қандай да болмасын басқа атау бос па, жоқ па, тексеру үшін қайда жүгінген жөн? Әйтпесе, ЖШС-ні қайта тіркету үшін әлі де ұзақ жүріп қалуға болады.

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық әділет департаментіндегілер жауап берді:

«ҚР Азаматтық кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның атауы ҚР тіркелген заңды тұлғалардың атауын толық немесе оның елеулі бөлігінде қайталамауға тиіс. Алайда, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында тіркелген заңды тұлғаның атауымен ұқсастықты анықтау мақсатында заңды тұлғаның атауын тексеру тәртібі реттелмеген. Осыған байланысты қазіргі уақытта әділет органы атауды тексеруді тек қажетті құжаттар қосымшаларымен бірге заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтініш берілгеннен кейін ғана жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғаның атауы қайталануға байланысты мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жариялаған жағдайда, қайтадан үзілісті болдырмау мақсатында әділет департаменті заңды тұлғаның атауын алдын ала тексереді. Азаматқа Атырау облыстық әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөліміне хабарласу керек».  

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.