– Маған көліктің моторын ауыстыру керек. Бұрын моторды ауыстырған жағдайда МАИ-ға хабардар ету керек дегенді естіген едім. Қазіргі уақытта қандай ереже қолданыста?
Телефон арқылы
Сұраққа Атырау облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:
– ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №851 қаулысына сәйкес, көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша (шанақ, шасси, рама, кабина нөмірлік агрегаты) жүргізіледі. Көлік құралының қозғалтқышы көліктің қосалқы бөлшегі болып табылады. Осылайша, моторды ауыстырған кезде ешкімге хабардар ету қажет емес.