Атырау, 4 ақпан 13:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Кейінге қалған қоныстой

2 107 рет қаралды

– Өткен жылы «АЖ»-да Атырау қаласында 2014-2020 жылдары күрелуге кететін апатты және тозығы жеткен үйлердің тізімі жарияланды. 2015 жылы бірінші кезекте біз тұратын Гагарин көшесі, 124 мекен-жайындағы жатақхана күрелуге кетеді деп тұр. Жатақхана қашан күреледі?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үйлерді бөлу секторының басшысы Марта НҰРҒАЛИЕВА жауап берді:

– Бұл тек жоспар ғана және оны өткен жылы толықтай жүзеге асыру мүмкін болмады. Мәселен, 2014 жылы Баймұханов көшесінің бойындағы жатақхана тұрғындарын орналастыруға тиіс болдық. Бірақ тұрғындарды орналастыратын жер болмаған-дықтан, бұл ғимаратты күреу 2015 жылға қалдырылды. Гагарин көшесіндегі жатақхана тұрғын-дарын көшіру мерзімдерін айта алмаймын, олардың қоныстойы келесі жылға қалдырылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймын.

29 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.