Атырау, 24 желтоқсан 23:33
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оқиға

Полицейлердің қарымтасы ма? Оқиға

Полицейлердің қарымтасы ма?

Жаңа 2019 жыл Атыраудың күш құрылымдары үшін сырт қарағанда әдеттегідей көрінетін эпизодтан басталды. Бірақ іс жүзінде ол қатардағы жағдай болмай шықты. 2 қаңтарда сағат 03:53-те Махамбет-Уәлиханов көшелерінің қиылысында арнайы 4 көлікпен полиция қызметкерлері Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Өмірбек НӘЖІМОВ жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатады. Нәжімов мұнайлы астананың полицейлерімен жақсы «таныс»: бұрын оның тікелей қатысуымен Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ж.Қайралапов, көші-қон полициясының бөлім бастығының міндетін атқарушы А.Мәукенов және полицияның жоғары шенді басқа да қызметкерлері ұсталған болатын. Сурет 23 наурыз 2019, 00:00 4 410 рет қаралды
Ескі "Уралмен" балық ұрлап ұсталды Оқиға

Ескі "Уралмен" балық ұрлап ұсталды

Құрманғазы АІІБ қызметкерлері аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясымен бірлесіп жүргізген рейд барысында нөмірі жоқ ескі екі «Урал» мотоциклін тоқтатты. Тексеру кезінде олардан 102 келі заңсыз ауланған қара балық табылды. 18 ақпан 2019, 15:46 3 062 рет қаралды
Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр Оқиға

Жайықтағы балықтың қырылуын Ішкі істер министрлігінің арнайы тобы тергеп жатыр

Атырауда Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу фактісі бойынша өткен жылдың желтоқсанында қозғалған қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Іс ҚР ҚК-тің 328-бабы (Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу) бойынша жүріп жатыр. 10 ақпан 2019, 13:09 4 113 рет қаралды
Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды Оқиға

Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды

№2 Атырау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (Медицина жұмыскерiнiң адам өлiмiне әкеп соққан кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша айыпталып отырған облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот отырысы өтті. 23 қаңтар 2019, 18:07 3 980 рет қаралды
Сот хроникасы Оқиға

Сот хроникасы

Атырау облысының Исатай аудандық соты осы жылдың 6 қаңтарында өзімен бірге тұратын анасына тіл тигізген Ш.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Мұның бірінші рет еместігін ескеріп, сот оған 10 күн мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады. 17 қаңтар 2019, 16:21 3 425 рет қаралды
Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті Оқиға

Сот тергеу ісінің нашар жүргізілгенін көрсетті

Атырау қалалық №2 соты балық браконьерлігімен айыпталған 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарап, қазақстандық тәжірибеде сирек кездесетін шешім шығарды: сотталушының екеуін толық, қалған үшеуін ішінара ақтап шықты. 5 қаңтар 2019, 13:46 3 642 рет қаралды
Сот хроникасы Оқиға

Сот хроникасы

Атырау қалалық №2 соты азамат Г.-ге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша үкім шығарды. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, биылғы тамыз айында ол Исатай ауданының Жанбай ауылында белгісіз адамнан 64 кг бекіре балығы мен 500 грамм қара уылдырық сатып алып, осы қылмыстық тауарын Атырауда қайта сатып жүрген жерінен оны Атырау облыстық МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстаған. 22 желтоқсан 2018, 13:17 3 352 рет қаралды
Балықшы-Жұмыскер көпірінің түбіндегі көлік апаты Оқиға

Балықшы-Жұмыскер көпірінің түбіндегі көлік апаты

24 қыркүйекте Атырауда Балықшы-Жұмыскер көпіріне жақын маңда «Газ-53» вакуум машинасы облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын қағып кетіп, зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. ІІД-де ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. 27 қыркүйек 2018, 15:53 2 995 рет қаралды
Атырауда «Тойота» қаққан ана мен бала көз жұмып, қызы ауруханаға түсті Оқиға

Атырауда «Тойота» қаққан ана мен бала көз жұмып, қызы ауруханаға түсті

22 қыркүйекте сағат 19.40-та қала маңындағы Құрсай ауылында Toyota Corolla маркалы көлік кішкентай екі баласымен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. 37 жастағы анасы мен 3 жасар ұлы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттармен 5 жасар қыз облыстық ауруханаға жатқызылды. 24 қыркүйек 2018, 12:05 3 727 рет қаралды
Теңіз инспекторы қармаққа түсті Оқиға

Теңіз инспекторы қармаққа түсті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ұлттық бюросының жергілікті департаменті қызметкерлері Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының теңіз бөлімінің басшысын пара алып жатқан жерінен ұстады. 25 тамыз 2018, 21:17 3 982 рет қаралды
ІІД бастығы Аян Дүйсембаев - бағдаршамдар, таксилер, ауылдағы төбелес және полицейдің абыройы туралы Оқиға

ІІД бастығы Аян Дүйсембаев - бағдаршамдар, таксилер, ауылдағы төбелес және полицейдің абыройы туралы

Мұнайлы астанаға кіріп-шығу жолдарындағы стационарлық бекеттер, полиция құрамындағы жемқорлық, көпқатарлы үйдегі «есірткі нүктесі» және басқа да мәселелер  Атырау облыстық ІІД бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ «АЖ»-ға берген сұхбатында қозғалды.  16 тамыз 2018, 00:00 5 251 рет қаралды
Есік алдындағы есірткі-2 Оқиға

Есік алдындағы есірткі-2

Биылғы ақпан айында «АЖ»-ға қожайыны есірткі заттарын ашық сатумен айналысатын Привокзальный ықшамауданы Баймұханов көшесі, 43-үйдегі пәтер туралы материал жарияланған еді. Нашақорлардың озбырлығынан қиналып кеткен тұрғындар өз подъездеріне бейнебақылау камерасын орнатқан. Ондағы жазбаларда сырттан келушілердің түсініксіз таблеткаларды қылғытып, мұрындарына тамшылар тамызып, өздеріне ине салатыны көрінеді. 28 мамыр 2018, 17:05 2 889 рет қаралды
Батылдықтары үшін марапатталды Оқиға

Батылдықтары үшін марапатталды

Батылдығы мен тапқырлығы үшін мектеп оқушысы Әли АЗАМАТҰЛЫ облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен марапат алды. Өртенген пәтердің көршілері Ерболат ИХСАНОВ та атап өтілді. Естеріңізге салсақ, 29 қаңарда Привокзальный 3 «а» ықшамаудандағы №11 үйде газ есептегіш отқа оранған болатын. Сурет 17 ақпан 2018, 18:27 3 317 рет қаралды
Балықпен айналысқан төртеу "қармаққа" түсті Оқиға

Балықпен айналысқан төртеу "қармаққа" түсті

16 қаңтар күні Атырау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұзақ уақыт бойы бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаумен айналысқан 1981, 1983, 1985 және 1987 жылы туған Атырау қаласының төрт тұрғынын ұстады. Бейнежазба 18 қаңтар 2018, 14:04 5 406 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Қаңтардың 9-да облыстық балық қорғау инспекциясының қызметкерлері Зарослый каналының маңынан мотоциклге мінген екі браконьерді ұстады. Ұсталған Дамбы ауылының тұрғындарынан 95 сазан мен бекіре тұқымдас 2 балық тәркіленді. Материалдар әрі қарай тексеру үшін ІІД-ге беріліп, мотоциклдер айып тұрағына жіберілді. 11 қаңтар 2018, 00:00 2 579 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

29 қазан күні кешкісін Атырау-Доссор тас жолының Контейнерный ықшамауданы тұсында Геолог поселкесінің 70 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Газель» автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан Өзбекстан азаматын қағып кетті. Жүргінші сол жерде қаза болды. Тергеу жүруде. Бейнежазба 2 қараша 2017, 00:00 4 021 рет қаралды
Түнгі атыс Оқиға

Түнгі атыс

10 қазанда түнде шекарашы офицер Атырау облысының теңіз жағалауындағы Дамбы поселкесінің тұрғындарынан қорғанып, «Калашников» автоматынан ауаға және жерге 30 рет оқ атқан. Ал таңертең облыстық ауруханаға аяғына оқ тиген жарақатпен ер адам медициналық көмек алуға жүгінген. Қазір оның түнгі оқиғаға қатыстылығы тексерілуде. 11 қазан 2017, 10:31 5 495 рет қаралды
Уылдырық үшін көлігін тәркіледі Оқиға

Уылдырық үшін көлігін тәркіледі

2 қазанда «Құрманғазы-Авто» бақылау-өткізу бекетінде Toyota Ipsum көлігімен Қазақстан-Ресей шекарасынан өтер кезде Мәскеу облысының 54 жастағы тұрғыны В. МИХАЙЛОВ бекіре тұқымдас балық уылдырығымен ұсталды. 3 қазан 2017, 13:23 3 788 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырау әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс қарады. №4 бағытта жүретін автобус жүргізушісі М. «Абай алаңы» аялдамасының жанында жолаушылардың бірімен жанжалдасып, оған балағат сөздер айтқан. Сот қаулысымен М. кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 3 тамыз 2017, 00:00 2 470 рет қаралды