Атырау, 19 қыркүйек 19:35
Түнде ашық+14, таңертең +18
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 369.36  € 431.30  P 5.45

Түнгі атыс

11 қазан 2017 10:31

10 қазанда түнде шекарашы офицер Атырау облысының теңіз жағалауындағы Дамбы поселкесінің тұрғындарынан қорғанып, «Калашников» автоматынан ауаға және жерге 30 рет оқ атқан. Ал таңертең облыстық ауруханаға аяғына оқ тиген жарақатпен ер адам медициналық көмек алуға жүгінген. Қазір оның түнгі оқиғаға қатыстылығы тексерілуде.

Түстен кейін Батыс өңірінің әскери прокуратурасы өз қызметкерлерінің әрекеттерінің дұрыстығына қатысты дәлелдер келтірген баспасөз хабарламасын таратты. Ресми жорамал бойынша, 10 қазанға қараған түні шамамен сағат 03.30-да шекаралық жасақ өзеннен габариттік сигнал жарығы жоқ үш байданың қозғалып бара жатқанын байқаған. Кешікпей ондағы адамдар қапшықтарын мотоцикл мен автокөлікке тией бастаған. Сол кезде екі шекарашы – келісімшарт бойынша қызмет етуші офицер мен сержант оларды ұстауға әрекеттенген. Әскери прокуратура растап отырғандай, қапшықтар бекіре тұқымдас балықтарға толы болған. Алайда сол жерде балықшыларға 30 шақты адам көмекке келген.

«Олар ұсталушыларды босатуды талап етіп, күш қолданып, топ болып шабуылдаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен. Заңға қайшы әрекеттерді тоқтату мақсатында шекарашы офицер штаттық қарудан ауаға ескерту оғын атуға мәжбүр болады. Алайда белгісіз тұлғалар офицерді соққыға жыға бастаған. Өз денсаулығына және қаруды иеленіп кету қаупі төніп тұрғандықтан шекаралық жасақ офицері жерге оқ атқан. Осы уақытта белгісіз тұлғалар өзен бойымен байдалармен кетіп қалған, ал мотоцикл белгісіз бағытқа ғайып болған», - деп хабарлайды прокуратура.

Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактілері бойынша облыстық ІІД сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады.

Сонымен қатар әскери-тергеу басқармасы шекарашылардың қаруды пайдалану заңдылығын тексеруде. 

Бұл хикая тағы бір балықшылар ауылында форма кигендермен әлсін әлі орын алып тұратын жанжалдарды еске түсіреді. Жанбайлық синдром балықшылардың тұрмыс салтын ұстанатын ауылдарға жұға бастаған сыңайлы.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

3528 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Төрт адам газға уланып, бірі көз жұмды  795 рет қаралды

​Оралда күйеу баласы оқ атқан қария ауруханада көз жұмды   411 рет қаралды

Мәскеу түбінде оқушы оқ атып, төрт адам жараланды  661 рет қаралды

Жайықта екі мотоцикл соқтығысып, екі адам көз жұмды  3211 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5