Атырау, 5 желтоқсан 12:57
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Балағат сөздері үшін жауап берді

3 235 рет қаралды


Исатай аудандық соты жергілікті тұрғынға Facebook әлеуметтік желісіндегі балағат сөзі үшін үкім шығарды.

Іс материалдарына сүйенсек, азамат С. Facebook-тағы Атырау облыстық ІІД парақшасында жарияланған маусымдағы жол-көлік оқиғаларының біріндегі хабарламаға балағат сөздер жазылған пікір қалдырған. Сот қаулысымен ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 4 тәулікке қамауға алынды.  

WhatsАpp мессенджерімен байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің осы бабы бойынша Жылыой аудандық сотында іс қаралды. Азаматша О. танысының қызына балағат сөздермен хабарлама жіберген. Осы үшін О. 10 АЕК (22 690 теңге) мөлшерінде айыппұлмен жазаланды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 шілде 2017, 23:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.