Атырау, 5 желтоқсан 12:17
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Балықшы-Жұмыскер көпірінің түбіндегі көлік апаты

2 980 рет қаралды


24 қыркүйекте Атырауда Балықшы-Жұмыскер көпіріне жақын маңда «Газ-53» вакуум машинасы облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын қағып кетіп, зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. ІІД-де ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

22 қыркүйекте Құрсайдағы жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған 5 жасар бүлдіршін әлі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер омыртқаның, сол жақ жамбастың сынуы, іш қуысының, кеуде қуысының жарақаты, ми зақымы деген диагноздар қойды. Жағдайы «тұрақты ауыр» деп бағаланып отыр.

Фархат ӘБІЛОВ

27 қыркүйек 2018, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.