Атырау, 5 желтоқсан 12:19
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оқиғалар тізбегі

2 705 рет қаралды


9 шілдеде Атырауда «Ретро бақ» ауданында 46 жастағы жергілікті балықшы Жайыққа батып кетті. Денесі екі күннен кейін судан шығарылды.

***

10 шілдеде Қызылқоға ауданы Миялы ауылында Жайыққа 34 жастағы жергілікті тұрғын өзенге батып кетті. Ол мас күйде суға шомылған екен.

***

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Ерболат Уайсов брифингте хабарлағандай, жыл басынан бері өңірімізде 130 тұрғынды кене шағып, емделген екен.

***

16 шілдеде Атырауда Көктем ықшам ауданындағы үйлердің бірінің ауласында «Газель» көлігі өртенді. Өрт кезінде 36 жастағы үй иесі зардап шекті, оның денесінің 25%-ы күйіп, облыстық ауруханаға жеткізілді.

***

16 шілдеде Махамбет ауданының Бейбарыс ауылында 67 тонна шөп өртеніп, өртті жергілікті өрт сөндірушілер сөндірген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

***

16 шілде күні қала маңындағы Жұмыскер ауылында сүңгуірлер Жайыққа батқан 24 жастағы жергілікті тұрғынның денесін судан алып шықты.

***

17 шілдеде Балықшыда 8 жасар қыз бала жарқабақтан құлап, Жайыққа батып кетті. Денесін сол күні сүңгуірлер судан шығарып алды.

18 шілде 2018, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.