Атырау, 24 желтоқсан 21:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырауда перинаталдық орталық дәрігерлеріне қатысты сот басталды

3 811 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (Медицина жұмыскерiнiң адам өлiмiне әкеп соққан кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша айыпталып отырған облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша негізгі сот отырысы өтті.

«АЖ»-ға талапкер Өміргүл МАЙЛЫБАЕВА сіңлісі Анаргүлдің 2017 жылдың шілдесінде перинаталдық орталықта босану кезінде қалай көз жұмғанын айтып берді:

р
Анаргүл МАЙЛЫБАЕВА

- Егіз сәбиге жүкті еді, облыстық перзентханаға өзі шақыртқан жедел жәрдеммен түсті. Ауырған соң оны патология бөліміне жатқызды. Мерзімі бойынша Анаргүл 9 шілдеде босануы тиіс болатын. Сол күні кешкісін ол маған қоңырау шалып, көмек сұрады: оның айтуынша, дәрігерлер оған қарамаған. Келесі күні таңертең дауысы мүлдем әлсіз естілді, өзін операцияға дайындап жатқанын айтты. Бұл біздің соңғы тілдесуіміз болатын.

Өміргүлдің айтуынша, сіңлісі салмағы 3200 және 3700 кг болатын ұл мен қызды дүниеге әкелген, бірақ өзі қайтыс болған.

- Бес бала анасыз, ал мен бауырсыз қалдым. Перзентхана дәрігерлері онда тромбоэмболия болғанын айтты, бірақ мен сенбедім. Біз денесіне эксгумация жүргіздік, сөйтсек бактериалдық шок болған екен. Бәлкім, операция кезінде оған инфекция түскен шығар. Менде астаналық сарапшылардың қорытындысы бар. Жанама массаж кезінде оның бес қабырғасы сыныпты. Мен, тіпті, оның қандай күйде болғанын елестетуге де қорқамын... Сіңлім перзентханаға өз аяғымен барып, үйіне мүрдесі оралды.

Адвокаттардың бірінің келмеуіне байланысты алғашқы отырысты судья Зәуре ҚАЗАҚБАЙ келесі күнге ауыстырды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

23 қаңтар 2019, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.