Атырау, 19 сәуір 05:25
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сот хроникасы

2 963 просмотра


Атырау облысының Исатай аудандық соты осы жылдың 6 қаңтарында өзімен бірге тұратын анасына тіл тигізген Ш.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Мұның бірінші рет еместігін ескеріп, сот оған 10 күн мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жаза тағайындады.

Құрманғазы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша айыпталған Құрманғазы ауылының тұрғыны С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Өткен жылдың 17 желтоқсанында жүргізуші куәлігінен айырылған ол көлігіне мас күйде отырғаны анықталды. С. кінәлі деп танылып, автокөлік құралын 3 жыл мерзімге басқару құқығынан айырумен қатар, 100 сағат қоғамдық жұмыс жасау жазасын алды.

Исатай аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-тармағының 3-тармақшасы (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша қылмыстық істі қарады. Өткен жылы 27 қарашада Аққыстау ауылында Т. ауылдасы Н.-ның көлікжайына кіріп, жаңа автокөлік шиналарын ұрлап, зардап шегушіге 220 мың теңге көлемінде зиян келтіргені анықталды. Сотта Н. ұрыны кешіріп, қылмыстық іс тоқтатылды.

Атырау әкімшілік соты азаматша А.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Жаңа жыл қарсаңында Сәтпаев даңғылы бойындағы дүкенде әйелдің сатушыларды балағаттағаны анықталды.  Сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-тармағы бойынша (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп тауып, оны 1 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

*** 

Атырау қалалық №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша Өзбекстан азаматы Х.-ға үкім шығарды. Іс материалына сүйенсек, 2018 жылы 18 қыркүйекте Х. досы Л.-мен түнгі клубқа келіп, ішімдік ішіп, сосын жезөкшелерге баруды ұйғарады. Бірақ бір кезде Л. бөтелкелесіне ескертпестен, такси ұстап, құрылыс салып жатқан үйге кетіп қалады. Біраз уақыттан соң ол жерге ашуланған Х. барып, Л.-дың ішіне асүй пышағын тығып алып, содан кейін басына, арқасына бірнеше рет күрекпен соғып, денсаулығына ауыр зиян келтіреді.

Сотқа қылмыстық іс келісім өндірісі ретінде түсті, өйткені Х.-мен мәміле түрінде іс жүргізу келісімі жасалды. Ол кінәлі деп танылып, қоныс колониясында 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ 

17 қаңтар 2019, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.