Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ұлттық бюросының жергілікті департаменті қызметкерлері Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының теңіз бөлімінің басшысын пара алып жатқан жерінен ұстады.
Қылмыс үстінде ұсталған балық қорғаушы жеке тұлғаның теңізге емін-еркін шығып, браконьерлікпен айналасуына қолдау көрсету үшін одан жүйелі түрде жалпы сомасы 400 мың теңге және қызыл балық алып отырған деп күдіктеледі.
Бөлім басшысы ақшаны осы жаман істе делдал болған жүргізушісі арқылы алып отырған. Ақырында екі «табиғат қорғаушысы» да ұсталып, кінәларын мойындады және тергеуге көмектесіп отыр. Екеуі де кінәларын мойындау туралы келісімге келді, сондықтан оларды сотқа дейін түрменің ботқасын жеуден босатты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ