Атырау, 27 қаңтар 01:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.79
€ 595.07
₽ 6.56

Оқиғалар тізбегі

2 839 рет қаралды


Қазанның 3-де «Бекіре» операциясының шеңберінде су полициясының қызметкерлері түн ортасына қарай Индер ауданының Өрлік ауылында Жайық жағасынан жергілікті екі тұрғын ұсталды. Аулайтын тор мен түрлі тұқымдас балықтар – барлығы 196 келі көксерке, қылышбалық және т.б. тәркіленіп алынды. Қылмыстық іс аясында 335-бабының 3-тармағы бойынша тергеу жүргізілуде.

*****

Қазанның 8-іне қараған түні қала маңындағы Көкарна поселкесінде алаңы 40 шаршы метр болатын иесіз тұрғын орынжайда өрт болды. Өрт сөндірілгеннен кейін өртенген қоқыс үйіндісінен 43 жастағы азамат К.-нің мүрдесі табылды, деп хабарлады ТЖД кезекші бөліміндегілер.

 ***** 

Қазанның 8-де Дамбы поселкесінің шеңберінде Жайық өзенінде шомылып жүрген кезде 27 жастағы жергілікті тұрғын суға батып кетті. Шамамен бір сағат өткеннен кейін денені ауылдастары судан шығарып алды.

12 қазан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.