Атырау, 6 қазан 22:37
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Оқиғалар тізбегі

Бейнежазба
3 866 просмотра

29 қазан күні кешкісін Атырау-Доссор тас жолының Контейнерный ықшамауданы тұсында Геолог поселкесінің 70 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Газель» автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан Өзбекстан азаматын қағып кетті. Жүргінші сол жерде қаза болды. Тергеу жүруде.

***

28 қазанда күндіз Владимирский көшесінде екі жүргізушінің арасында төбелес орын алды. Оларды сол жерде өтіп бара жатқан адамдар арашалап алған. Төбелестің бейнежазбасы интернетке тарап кеткен. Полиция ҚР ҚК 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.


***

«Бекіре 2017» операциясы барысында су полициясы жағалау бойында Жылыой ауданының 46 және 39 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардан браконьерлік жабдықтар, «Амур» мен «Крылатка» қайықтары, 4 бекіре тұқымдас балықтың ұшасы табылды. ҚР ҚК 335-бабы («Балық ресурстарын заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүруде.

2 қараша 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.