Атырау, 19 тамыз 19:29
 дождьВ Атырау +35.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда «Тойота» қаққан ана мен бала көз жұмып, қызы ауруханаға түсті

3 891 рет қаралды


22 қыркүйекте сағат 19.40-та қала маңындағы Құрсай ауылында Toyota Corolla маркалы көлік кішкентай екі баласымен өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. 37 жастағы анасы мен 3 жасар ұлы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттармен 5 жасар қыз облыстық ауруханаға жатқызылды.

«Тойота» рөлінде Атыраудың жас тұрғыны отырған. ІІД баспасөз қызметі ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы (Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Фархат ӘБІЛОВ

24 қыркүйек 2018, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.