Атырау, 26 желтоқсан 01:30
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Уылдырық үшін көлігін тәркіледі

3 788 рет қаралды
Көрнекі сурет

2 қазанда «Құрманғазы-Авто» бақылау-өткізу бекетінде Toyota Ipsum көлігімен Қазақстан-Ресей шекарасынан өтер кезде Мәскеу облысының 54 жастағы тұрғыны В. МИХАЙЛОВ бекіре тұқымдас балық уылдырығымен ұсталды.

Бақылау-өткізу бекетінің командирі Ермек ЖЕКСЕМБИЕВ хабарлағандай, ресейліктің жол сөмкесінің түбінен картон астына жасырылған жалпы салмағы 6 келі болатын қара уылдырық салынған 12 пластик банка табылды. Ұсталушы Құрманғазы АІІБ-не табысталды.

Ал жақында Құрманғазы аудандық соты осындай заң бұзушылық үшін Францияның екі азаматына 1 млн 134 мың теңге мөлшерінде айыппұл салып, оларға тиесілі Ford Escort көлігін тәркілеген. Қыркүйекте оларды «Құрманғазы-Авто» бақылау-өткізу бекетіне дейінгі «ШЕП» бақылау-өткізу бекетіндегі полиция қызметкерлері салмағы 4 келі болатын уылдырықпен ұстаған еді. Шетелдіктер тыйым салынған өнімді бейтаныс әйелден сатып алғанын айтқан болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қазан 2017, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.