26 ақпанда Атырау облыстық балалар ауруханасында соқыр ішекті алып тастау отасы жасалып жатқан кезде 5 жасар бала қайтыс болды.
Осы емдеу мекемесі дәрігерлері «АЖ» тілшісіне түсіндіргендей, баланың соқыр ішегін алып тастау отасы жасалып жатқан. Анестезия салғаннан кейін асқыну пайда болып, бала көз жұмған. Осыған байланысты бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Естеріңізге салсақ, жақын күндері Қарағандыда осындай қайғылы оқиға орын алған болатын – ол жақта стоматологиялық клиникада ауырсынуды басатын препаратты салғаннан кейін екі жасар бала қайтыс болды.
Фархат ӘБІЛОВ