Атырау, 20 қазан 01:36
Таңертең ашық+14, күндіз +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 364.35  € 419.95  P 5.56

Оқиғалар тізбегі

7 желтоқсан 2017 16:07


Желтоқсанның 3-іне қараған түні Рембазда «Бекет-21» полицей экипажы «Хёндей-Акцент» көлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүксалғыштан 20 метр алюминий кабелін тапқан. Ұсталған төрт адам жүктің қайдан келгенін түсіндіре алмады. Ал таңертең полицияға Лесхоз-2 ықшамауданының 24 жастағы тұрғынынан үй ауласынан кабель ұрланғаны туралы шағым түскен. ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.  

***

4 желтоқсан кешкі сағат 17:30 шамасында Атырау қаласы Азаттық даңғылы бойында Toyota Prado автокөлігін тексеру нәтижесінде 15 кг бекіре балығы мен бөлшектелген 5 кг итбалық еті табылды. Атырау облыстық ІІД мәліметінше,  көлік жүргізушісі 1987 жылы туылған Атырау қаласының тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 339 бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнгенжануарлармен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде. 


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1800 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5 6