Атырау, 23 қараша 17:44
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда қоқыс контейнерінен сәби табылды

Сурет
13 202 просмотра


Бүгін түнде, 7 қарашада Атыраудағы Нұрсая ықшам ауданында №64 үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен пакетке салынған жаңа туылған қыз бала табылды.

Куәгерлердің айтуынша, сәбидің кіндігі де кесілмеген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен дәрігерлер сәбидің кіндігін кесіп, облыстық ауруханаға алып кеткен.

- Мен түнгі он екі шамасында есік алдына шылым шегуге шықтым. Қоқыс жәшігінің қасына барсам, бірдеңе тыпырлап, жылайды. Тыпырлаған мысық па деп ойладым. Ашып қарасам, сәби жатыр екен. Шошып кетім, үйге, жылы жерге әкеліп, 102-ге хабарластым. Дәрігерлер мен полиция келді, - дейді баланы тауып алған тұрғын. - Өзімнің бес ұлым бар. Енді осы қызды асырап алғымыз келеді. Бүгін күндіз барып, сәбидің жағдайын біліп келдік. Дәрігерлер еш жеріне зақым келмеген, жағдайы жақсы дейді.   

Ернат СЫБАНКУЛОВ, Атырау облысы прокуроры:

- Нұрсая ықшам ауданындағы қоқыс жәшігінен сәбидің табылғаны рас. Сәбиді тапқан Атырау қаласының тұрғыны бірден қалалық ІІБ-не хабар берген.  Қазіргі уақытта сәби Атырау облыстық перинаталдық орталығында. Бұл факт ҚР ҚК-ның 24-бабы және 100-бабы бойынша (жаңа туған сәбидің өлім құшуы фактісі) сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

№64 үйдің тұрғындарының айтуынша, сәби табылған ауладағы бейнебақылау камераларының істен шыққанына екі жылдан астам уақыт болғанын айтады.

Фархат ӘБІЛОВ

7 қараша 2017, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.