Атырау, 5 желтоқсан 12:53
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оқиғалар тізбегі

3 943 рет қаралды


Желтоқсанның 12-де кешкісін Геолог поселкесінде «Лада Приора» көлігін тексеру кезінде 50 келі мұздатылған бекіре тұқымдас балық табылды. Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, «бұл факті бойынша 20 жастағы қала тұрғынына және 26 жастағы Жанбай ауылының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру шаралары алынуда».

 ***

Желтоқсанның 13-де Котяевка ауылындағы «Құрманғазы» бақылау-өткізу бекетінде 40 жастағы Ресей азаматшасы ұсталды. Тексеру кезінде ілеспе құжаттарсыз 40 сусар терісі табылды. Азаматша машинамен Атыраудан Астраханға қарай кетіп бара жатқан. Тергеу ісімен Құрманғазы АІІБ айналысуда.

20 желтоқсан 2017, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.