Атырау, 25 желтоқсан 00:47
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Басқа жаңалықтар

Атыраудағы автокөлік тұрақтары туралы Басқа жаңалықтар

Атыраудағы автокөлік тұрақтары туралы

Атырауда Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, негізінен мұнайлы астанадағы көлік тұрағы мәселесі қозғалды. Бұл тақырып қатысушылардың қызығушылығын тудырып, тіпті, дауыс көтергендер де болды. Сурет Бейнежазба 16 қараша 2018, 15:02 4 102 рет қаралды
Ауыл сыртындағы күл-қоқыс моласы Басқа жаңалықтар

Ауыл сыртындағы күл-қоқыс моласы

Мақат ауданы Доссор кентінде көше тазалығы пен кәріз суларын шығару үлкен проблемаға айналған. Тазалыққа жауапты «Тазалық-Көгал» ЖШС жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды.  Мәселеге алаңдаған бір топ тұрғын «АЖ» тілшісіне хабарласты. Тұрмыстық қалдықтар салынған жәшіктер үнемі толып тұрса,  пайдаланылған кәріз суы ауыл сыртындағы қоршалмаған карьерге төгіліп жатыр. Бейнежазба 13 қараша 2018, 14:12 4 980 рет қаралды
Доссорлық «қаралаушылардың» қарсылығы Басқа жаңалықтар

Доссорлық «қаралаушылардың» қарсылығы

31 қазанда Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінің 20-дан аса тұрғыны көшеге шығып, ауыл ортасына газ құю станциясын салуға қарсылығын білдірді. Жиынға келген кент әкімдігінің қызметкерлері мұны заңсыз деп, тарауларын өтінді. Алайда бұдан ештеңе шыға қойған жоқ.  «АЖ» тілшісі осы жайға куә болып қайтты. Сурет Бейнежазба 5 қараша 2018, 20:26 4 214 рет қаралды
«Доссор көшіріледі деген қаңқу сөз» Басқа жаңалықтар

«Доссор көшіріледі деген қаңқу сөз»

Соңғы жылдары Атырау облысы Мақат ауданына қарасты Доссор кентін облыс орталығына көшіріледі-мыс деген алып-қашпа әңгіме желдей есіп тұр. Әңгіменің шығуына себеп те жоқ емес. Доссор – қазақ мұнайының бесігі, 2009 жылы мұнайдың алғаш өндірілуіне 100 жыл толуы салтанатты аталып өтті. Сол кезде «Қазмұнайгаз» есебінен кент маңындағы Қошқар, Комсомол және Бек-Бике ауылдарын көшіру туралы шешім шықты, өйткені сол жерлердегі ескі мұнай кен орындарында өндіріс бітуге жақындап, шағын ауыл халқы жұмыссыз және инфрақұрылымсыз қалған-ды. Қошқар, Комсомол және Бек-Бике 2010 жылы Атырауға «көшіп», үш жылдан кейін Байшонас пен Ескене де көш басын бері бұрды. Салыстыра қарасақ, әрине, бұлар – шағын ауылдар, ал 13 мың тұрғыны бар Доссормен қалай болады? 9 қазан 2018, 15:52 6 190 рет қаралды
Дала мен қала ішіндегі көлік апаты Басқа жаңалықтар

Дала мен қала ішіндегі көлік апаты

Жексенбі күні 16 қыркүйекте өңірімізде екі ауыр жол-көлік апаты болып, оның бірі кісі өлімімен аяқталды. Зардап шегушілердің туыстарының айтуынша, таңертең «Атырау-Доссор» жолында 27 жастағы ВАЗ-21114 жүргізушісі тіркемелі КамАЗ-ды басып озу үшін қарсы жолаққа шығып кетіп, «Шевролемен» соқтығысқан. Бейнежазба 17 қыркүйек 2018, 13:27 3 674 рет қаралды
Орын бар – билет жоқ Басқа жаңалықтар

Орын бар – билет жоқ

18-21 шілдеде Атырау қалалық вокзалында арнайы мониторинг тобы өткізген «құпия операция» кассада қажет бағытқа билеттің жоқтығын анықтады. Бірақ бұл діттеген жеріңе жете алмайсың деген сөз емес. Ол үшін касса жанындағы «делдалдарға» немесе тікелей жолсеріктерге жүгінсе жеткілікті. 26 шілде 2018, 23:01 2 949 рет қаралды
Доссорда 100 жылдық барак өртеніп, алты отбасы үйсіз қалды Басқа жаңалықтар

Доссорда 100 жылдық барак өртеніп, алты отбасы үйсіз қалды

22 шілдеде күндіз Мақат ауданы Доссор кентінде 6-үйлік барак үй толықтай өртеніп кетті,  абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт токтың тұйықталуынан болған. Бейнежазба 23 шілде 2018, 16:48 3 806 рет қаралды
"Атырау-Астрахан трассасын салуға әзірге қаржы жоқ" Басқа жаңалықтар

"Атырау-Астрахан трассасын салуға әзірге қаржы жоқ"

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы облыстық филиалының директоры Дәурен ЕРҒАЛИЕВ өткізген брифингте журналистердің негізгі сұрақтары дерлік Атырау-Астрахан тас жолына қатысты қойылды. Нақтырақ айтқанда, мұнай астанасынан 300 шақырым жердегі қазақстандық шекарадағы Котяевка ауылындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін көпірге дейін (әрі қарай Астраханға дейін тағы 60 км жақсы асфальтталған жол бар). Бұл жол ауқымды Ақтөбе – Атырау (бұл 650 км де «астрахандық» жолдан артық емес) – РФ шекарасы трассасын (сол 300 км) қалпына келтіру жобасының соңғы бөлігі. 25 маусым 2018, 12:13 3 192 рет қаралды
Тар жол, балшық кешу Басқа жаңалықтар

Тар жол, балшық кешу

Қызылқоға ауданының тұрғындары көптеген жылдар бойы жол азабын тартып келеді. Грейдермен тегістелген қара жол жауын болса, өткізбес өткелге айналады. Редакцияның «Нива» көлігі балшыққа шыға алмастай батқаннан кейін «АЖ» тілшісі мен жүргізуші сүйреп шығаратын көмек іздеп, суық өткір желмен алысып, 15 шақырым жаяу жүрді... Сурет 25 сәуір 2018, 09:54 8 553 рет қаралды
"Бас жоспар қолмен сыза салатын қағаз емес" Басқа жаңалықтар

"Бас жоспар қолмен сыза салатын қағаз емес"

Өткен жылы Атырау облысындағы 6 елді мекеннің бас жоспарын әзірлеуге облыс бюджетінен 88 млн теңге бөлініп, оның 10 млн теңгесіне Индер ауданындағы Аққала ауылының, Махамбет ауданы Аққайың, Сарайшық ауылдарының, Жылыойдағы Қарағай ауылының, 78 млн теңгеге Мақат ауданының Мақат жән Доссор поселкесінің  бас жоспарлары жасақталған. Бұл жөнінде өткен брифингте Атырау облысы Сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА мәлімдеді. Сурет Бейнежазба 12 наурыз 2018, 10:38 3 894 рет қаралды
Ел игілігіне еңбек еткен Компания Басқа жаңалықтар

Ел игілігіне еңбек еткен Компания

Жер қойнауын игеруші компания ретінде «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы –   мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан отандық кәсіпорынның бірі. Компания жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттың талабына  сай, Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және қазақстандық мамандарды  оқыту  бағытындағы өз міндетін толықтай  орындап отыр. БАҚ өкілдері 2016-2017 жылдарда келісімшарт аясында атқарылған жұмыстармен танысып қайтты. Сурет 8 қараша 2017, 10:54 5 556 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Басқа жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі

ТЖД хабарлағандай, 30 қыркүйекте Мақат ауданының Доссор поселкесінде жол бойындағы кафеден өрт шығып, соның салдарынан 20 жастағы ер адамның денесінің 80%-ын күйік шалған. Зардап шегуші жедел-жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізілді, содан кейін  облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. 5 қазан 2017, 16:54 2 701 рет қаралды
Жолаушылар тасымалы: жаңа бетбұрыс Басқа жаңалықтар

Жолаушылар тасымалы: жаңа бетбұрыс

Жаңа жылдан бастап қала көшелеріне жаңа 8 маршрут қосылады. Оның бесеуі – экспресс-маршруттар. Бұл туралы «2017-2022 жылдарға арналған Атырау қаласының қоғамдық көлігін дамыту тұжырымдамасын» жұртшылыққа таныстыру кезінде айтылды. Басты идеялардың бірі – қала маңындағы ықшамаудандардан және ауылдардан автобустар қала ішіне кірмейді. Сурет Бейнежазба 2 қазан 2017, 11:44 5 046 рет қаралды
Бюджет қайта бөлінді Басқа жаңалықтар

Бюджет қайта бөлінді

28 қыркүйекте Атырау облысы мәслихатының 7-ші кезекті сессиясында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар НҰРАЛИЕВ бюджеттің 3,5 млрд теңгеге асыра орындалғаны туралы хабарлады. Бұдан басқа, облыс әкімінің 1,1 млрд теңге сомада пайдаланылмаған резерві қалған және тағы 1,7 млрд теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген. Сурет 28 қыркүйек 2017, 23:17 4 430 рет қаралды
Көшеңізге жарық беріле ме? Басқа жаңалықтар

Көшеңізге жарық беріле ме?

Атырауда мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша 39 көшеде «Атырау қаласында көше жарықтандыру және сервистік орталық құрылысы» жобасы жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясындағы өз баяндамасында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ хабарлады. 10 шілде 2017, 11:00 4 012 рет қаралды
«Ембімұнайгаз» АҚ-ында үздік мұнайшылар анықталды Басқа жаңалықтар

«Ембімұнайгаз» АҚ-ында үздік мұнайшылар анықталды

Отандық экономиканың дамуына лайықты үлес қосып отырған «Ембімұнайгаз» АҚ-на биыл 95 жыл. Компания өндірісін өркендетіп, мамандардың дамуына да  айрықша көңіл бөліп келеді. Жыл сайын дәстүрлі өтетін «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы – осының бір дәлелі. Байқаудың алғашқы кезеңі 29 мамыр және 9 маусым аралығында өндірістік компанияның 6 құрылымдық бөлімшелері арасында өткен болатын. Биыл байқаудың екінші кезеңі  компанияның С.Балғымбаев кен орнына қарасты «Жайықмұнайгаз» МГӨБ базасында  өтті.  Сайысқа 80 мұнайшы 13 мамандық бойынша қатысып, шеберліктерін сынға салды. Іс жүзінде  нәтижелі табыстарын көрсетті.  Сурет 5 шілде 2017, 11:08 9 180 рет қаралды
Атырау-Астрахан трассасы 3 жылда салынады Басқа жаңалықтар

Атырау-Астрахан трассасы 3 жылда салынады

Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаевтың (суретте) қатысуымен өткен брифингтің көп бөлігі Атырау-Астрахан тас жолын қайта жаңғырту мәселесіне арналды. 11 маусым 2017, 11:51 5 397 рет қаралды