Атырау, 19 тамыз 17:20
 дождьВ Атырау +32.6
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Доссор трассасындағы көлік апатынан екі адам опат болды

3 633 рет қаралды


Доссор-Ақтау тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам қаза болып, екі адам жарақаттарымен ауруханаға түскен.  

Оқиға Құлсары қаласынан 5-6 км жерде орын алған. ВАЗ-2170  «Приора» көлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Уаз» көлігіне соқтығысқан.  Салдарынан «Приорадағы» 18 жастағы жігіт пен оның 7 жасар жиені қаза болды. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігі («Екі және одан да көп адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА     

17 қараша 2018, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.