Атырау, 3 маусым 00:34
 дождьВ Атырау +13.6
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Дала өртене бастады

Бейнежазба
2 652 рет қаралды




27 маусымда осы жаз ішінде алғаш рет +38 градусты көрсетті. Дала бұл күні өртке оранды. 

Индер ауданында өрт шалған даланы сөндірумен №5 өрт сөндіру бөлімі, «Таразсәулет», «Индер су» және «ИСИ Гипс» кәсіпорындары айналысты.

Атырау-Доссор трассасының 55-шақырымында да қураған шөп өртенді. Мұны өтіп бара жатқан көліктердің жүргізушілері бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге жариялады.

55-шақырымда 20 гектар алаңда шөптер өртеніп жатыр. Сағат 15.25-те хабарлама келіп түсті, тұтану ошағы 20.55-те өшірілді, - деп хабарлады ТЖД. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 маусым 2017, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.