22 шілдеде күндіз Мақат ауданы Доссор кентінде 6-үйлік барак үй толықтай өртеніп кетті, абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт токтың тұйықталуынан болған.
Аумағы 560 шаршы метр болатын үй, адам сенбес, 1911 жылы ағаштан салынған.
- Бұл үйде алты отбасы, отыздаған адам тұратын. Бәрі тез болды, ағаш үй әп-сәтте өртеніп кетті,- дейді өртенген үйдің тұрғыны Мұрат БАЙТІЛЕУОВ. - Қолымыздан келгенше кейбір заттарды алып үлгердік. Баратын жеріміз болмағандықтан аулаға қонып шықтық.
Доссор кенті әкімінің м.а. Гүлнар ЕРҒОЖИЕВАНЫҢ айтуынша, Доссор кентіндегі Қ. Ауқатов көшесі, 2 үй өртенген. Қазір оқиға бойынша комиссия құрылды, тұрғындар C. Шарипов атындағы мектеп-интернатқа уақытша орналастырылады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бейнежазбаны куәгерлер ұсынды