Атырау, 27 қараша 09:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Ембімұнайгаз» АҚ-ында үздік мұнайшылар анықталды

Сурет
8 719 просмотра


Отандық экономиканың дамуына лайықты үлес қосып отырған «Ембімұнайгаз» АҚ-на биыл 95 жыл. Компания өндірісін өркендетіп, мамандардың дамуына да  айрықша көңіл бөліп келеді. Жыл сайын дәстүрлі өтетін «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы – осының бір дәлелі. Байқаудың алғашқы кезеңі 29 мамыр және 9 маусым аралығында өндірістік компанияның 6 құрылымдық бөлімшелері арасында өткен болатын. 


Биыл байқаудың екінші кезеңі  компанияның С.Балғымбаев кен орнына қарасты «Жайықмұнайгаз» МГӨБ базасында  өтті.  Сайысқа 80 мұнайшы 13 мамандық бойынша қатысып, шеберліктерін сынға салды. Іс жүзінде  нәтижелі табыстарын көрсетті.  

- ЕМГ өзінің  95 жылдық мерейтойын лайықты қарсы алып отыр.  Биылғы «Үздік маман» байқауында жалпы командалық есепте бірінші орынды «Доссормұнайгаздың» иеленуінің мәні ерекше. Ірі кен орны «Доссор» сонау 1911 жылы ашылған болатын. Өзінің жеңісімен басқарма ұжымы Ембінің алғашқы мұнайшыларына деген биік құрметін көрсетті. Сондай-ақ, тұтастай алғанда, барлық сайысқа қатысушылар компанияның кәсіби тұрғыда дамуы мен мұнайшы мамандығы мәртебесінің өсуіне үлкен үлес қосты, - дейді ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ҒАБДУЛЛИН.


Басқарма басшылығының ұйытқы болуымен дәстүрге айналған осынау игілікті шараның аясында көптеген мамандар танылып, өз істерінің шынайы иелері екенін дәлелдеді.



13 номинация бойынша үздіктер сапынан табылған қызметкерлерді  атап айтсақ, олар: мұнай және газ өндіру операторы Нұрбек Бектурганов («Қайнармұнайгаз» МГӨБ), ұңғымаларды жерасты жөндеу операторларының командасы Еркебұлан Карабаев, Мақсот Сәуенов, Жұмагелді Уахитов («Қайнармұнайгаз» МГӨБ), Ұңғымаларды зерттеу операторы Теміров Рахымжан Тұрлығалиұлы («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ), мұнай дайындау (тауарлы) операторы Қуандық Қонанов («Доссормұнайгаз» МГӨБ), сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы Мұрат Қосубаев («Қайнармұнайгаз» МГӨБ), жер қабаты қысымын сақтау операторы Алибек Габдулгазиев («Доссормұнайгаз» МГӨБ), химиялық талдау жасау лаборанты Асия Ахметова («Жайықмұнайгаз» МГӨБ), электргазбен дәнекерлеуші Аслан Табынбаев («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ), слесарь- жөндеуші Аман Танашев («Доссормұнайгаз» МГӨБ), темір жонушы Батиголла Калиев («Жайықмұнайгаз» МГӨБ), Цементтеу агрегатының моторисі (машинист) Айболат Рахманов («Доссормұнайгаз» МГӨБ), жүк таситын көлік жүргізушісі Серік Құрман («Жайықмұнайгаз» МГӨБ), электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электрмонтер (бригада) Мирамбек Уткелбаев, Келіс Имашев, Думан Берниязов («Кайнар» АЭТ).



Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды «Доссормұнайгаз» МГӨБ, екінші орынды – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, үшінші орынды – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

«Үздік маман» байқауы - әр қызметкердің өз кәсіби дағдыларын көрсетуіне берілген керемет мүмкіндік. Бұл байқау мұнайшы кәсібінің беделін арттыра түседі. Ембі мұнайшылары осы байқауға жыл бойы дайындалады, - дейді байқауда командалық есепте бірінші орын алған «Доссормұнайгаз» МГӨБ өкілі, осы басқарманың  бас инженері Мәлік ЖЫЛҚЫШИЕВ. Бұл біздің командамыздың соңғы 11 жылдағы алғашқы жеңісі. Биыл ашылғанына 106 жыл болған еліміздегі ең көне кен орнының намысын қорғауды біз өзімізге абырой санаймыз. Біз барлық кезеңдерді жеңіспен аяқтап, алдымызда келе жатқан Мұнайшылар күні мен компания мерейтойына орай өзімізге үлкен сыйлық жасадық. Компания басшылығы жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақылармен марапаттады.


Күзде ЕМГ қызметкерлерінің үздік компаниясы кәсіби шеберлік байқауының соңғы, үшінші кезеңінде, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компания» АҚ аясында Компания намысын қорғайды.

Айта кету керек, еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып отырған алып өндіріс орнына қарасты  «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК» жұмыс істейді. Бүгінде  аталған компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар болса, оның 33-інде өнім өндіріледі.

5 шілде 2017, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған