ДОЙБЫ
Шымкентте көру ағзалары зақымданған жастар арасында дойбыдан ел чемпионаты өтті.
Жарыста еліміздің қазіргі чемпионы мәртебесінде атыраулық спортшы Мөлдір Қажымова өнер көрсетті. Осы жолы ол күміс алқа жеңіп алды. Оны Е. Үсенов жаттықтырады.
ДЗЮДО
Ташкентте жастар арасында дзюдодан Азия Кубогы өтті.
81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен атыраулық спортшы Әділет Сапарғалиев қола алқа иеленді.
ДЖИУ-ДЖИТСУ
Бішкекте жекпе-жек өнерінің ең көріністі түрлерінің бірі – комбат санатында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті.
Турнирдің «күмісін» ардагерлер арасында панкратионнан қазіргі әлем чемпионы атыраулық спортшы Тыныс Бисалиев жеңіп алды.
***
ТАЕКВОНДО
Мәскеуде Олимпиада қонжығының сыйлығы үшін таеквондодан Бүкілресейлік турнир өтті.
Бұл турнирде Атырау құрамасы командалық есеп бойынша 2-орын иеленіп, 2 алтын (Айгүл Елубай және Үмбет Шәкиев), бір күміс (Айдана Еділбаева) және бір қола (Майра Сүйенбекова) алқаны қанжығаларына байлады.
БАСКЕТБОЛ
14 сәуірден бастап алматылық «Достық» спорт кешені алаңында Жоғарғы лиганың ерлер командалары арасында баскетболдан ел чемпионатының плей-офф матчы өткізілуде.
8 команда екі топқа бөлінеді - алғашқы төртеуі алқа үшін күреседі, екінші топтың командалары 5-ші орынға таласады. Екінші топтағы «Атырау барыстары 2» командасы өзінің алғашқы матчын «Ақтөбеге» қарсы өткізіп, 82:74 есебімен жеңген болатын. Чемпионат 20 сәуірде аяқталады.
***
Өңірлік дене шынықтыру орталығының командасы 2001-2002 жылғы мектеп және колледж оқушылары арасында өткен баскетболдан ҚР IX жазғы спартакиадасының жеңімпазы атанды.
- Командалар алдын-ала турды өзара ойнады. Финалға Атырау, Алматы және Шымкент командалары шықты. Алғашқы матчта «Алматыдан» 66:68 есебімен ұтылдық. Содан кейін ешкім күтпеген жағдай орын алды: «Шымкент» 59:54 есебімен «Алматыны» жеңді. Енді чемпион болу үшін бізге 4 ұпай айырмашылығы бар Шымкентті жеңу жеткілікті болды - дейді жаттықтырушы Саламат Торғаев. - Мен жағдайды ойыншыларға түсіндірдім, олар бәрін дұрыс түсініп, 68:42 есебімен айқын жеңіске жетті.
ЗІЛТЕМІР
БЖСМ-1-де ауыр атлетика бойынша «Спорт есірткіге қарсы» деген ұранмен Атырау чемпионаты өтті.
Өз салмақ дәрежесінде Олег Фофонов, Ғалымжан Әлихан, Мирас Мұрзағалиев, Никита Ефремов, Богдан Ибадлаев, Бағыт Әлішер, Павел Трембач және Ноғайбек Нұргелді чемпиондар атанды. Қыздар арасында Анастасия Симакова бірінші орын алды. Спортшыларды бапкерлер И. Мырғамбаев, Т. Халматов, А. Убиев және Н. Іргебай дайындады.
КҮРЕС
Атырау жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері Орынборда грек-рим күресінен өткен Бүкілресейлік турнирде тамаша өнер көрсетті.
63 келіге дейінгі салмақта Алмаз Мұратоллаев күміс алқа, ал Ғаламат Саматов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола алқа алды. Спортшыларды ЖСШМ жаттықтырушысы Ербол Әділбаев дайындады.
МИНИ-ФУТБОЛ
Ардагерлер лигасы командалары арасында футзал бойынша Атырау чемпионаты аяқталды.
«Болат - Ардагерлер» командасы чемпион атағын сақтап қалды. Екінші орынды «Залина», үшінші орынды – зейнеткерліктегі «Динамо» полицейлер командасы иеленді. Бұл шағын сенсация болды.
Сонымен қатар, облыстық футбол федерациясы Кубогы үшін футзалдан жартылай финалдық матчтар өткізілді. «Өмірзақ Юнайтед» командасы 3:2 есебімен «Құлагер» командасын жеңді, ал «КеденТрансСервис» дәл осы есеппен «Мединадан» үстем түсті. Финалда «ӨЮ» және «КТС» кездеседі.
***
Құлсары қаласының футбол федерациясының қолдауымен ардагерлер арасында спорт қайраткері Амангелді Ищановты еске алуға арналған мини-футболдан облыстық турнир өтті.
1-орынды «Доссор» командасы, 2-орынды «Боранқұл», 3-орынды «Жалын» командалары алды. Қайрат Мұсағалиев - турнирдің үздік ойыншысы, Жайлыбек Аранғалиев - үздік шабуылшы, Аман Теңізбаев - үздік қорғаушы, Амантай Бектұрсынов - үздік қақпашы деп танылды.
***
41321 әскери бөлімінде (барлау полкі) әскери қызметкерлердің балалары арасында мини-футболдан турнир өтті.
Оған 4 команда қатысып, «Жас байланысшылар» командасы жеңіске жетті. Сержант Орал Қыдырғалиевтың ұлы Талап турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ