ТЖД хабарлағандай, 30 қыркүйекте Мақат ауданының Доссор поселкесінде жол бойындағы кафеден өрт шығып, соның салдарынан 20 жастағы ер адамның денесінің 80%-ын күйік шалған. Зардап шегуші жедел-жәрдеммен жергілікті ауруханаға жеткізілді, содан кейін облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
*****
Сенбіде, 30 қыркүйекте 48 жастағы ер адам Атырау теміржол станциясының 13-ші жолында маневр тепловозының астына түсіп қалды: ол «жабық бас сүйек-ми зақымы, коматозды күй» диагнозымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
*****
Жылыой ауданының орталық ауруханасына «иісті газдан улану» диагнозымен 1 қазанда Жаңа Қаратон поселкесінің екі тұрғыны – 80 жастағы зейнеткер мен оның 45 жастағы ұлы түсті. Қария ауруханаға жатқызылды, ал ұлы алғашқы дәрігерлік көмектен кейін үйіне жіберілді.
*****
«Арнаулы автобаза» ЖШС ауласында 1 қазанда өрт болды. Қаладағы қызметтер қала аулаларынан жинап, Арнаулы автобаза аумағына әкелген бірнеше иесіз көліктер өртенді. Қарауылшыларға ПАЗ автобусын «құтқару» үшін монтировкамен жапатармағай есігін ашуға тура келген.