Атыраудың ескі бөлігінде тарихи ғимараттар көп емес, олардың кейбірін, мәңгілікке жоғалтып алған сияқтымыз.
Атырау облысында жергілікті маңыздағы тарихи және мәдени қорғалатын ескерткіштер тізімінде 22 нысан бар. Бұл мәліметтер бір кездегі көркем болған көпес үйлерінің сыртқы келбеті секілді 2010 жылдан бері өзгермеген. Сынған терезелер, есіктері жоқ жақтаулар, қираған қасбеттер, жақтаулар...
– Егер біз ескі қалаға экскурсия жүргізсек, тек көпес Тудаковтың бұрынғы үй-жайы (қазіргі «Орал» мейрамханасы) мен «Болашақ» диагностикалық орталығын (бұрынғы қалалық атқару комитетінің ғимараты) ғана көрсетеміз. Онда да автобуспен өтіп бара жатып шала-шарпы көрсетеміз, өйткені бұл ғимараттардың бұрынғы әсемдігінен ештеңе дерлік қалмаған, - дейді облыстық өлкетану музейінің экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Оксана ӘЛЖАНОВА.
«Болашақ» диагностикалық орталығының ғимараты әлденеше рет қалпына келтірілді, алайда мұны қалпына келтіру деп атай алмайсың. Ішінара төбе жабындысы ауыстырылып, ғимараттың қасбетін жапсырылған өрнектерімен және жақтауларымен бірге ақтап тастаған, есесіне пластик терезелер орнатылған. Ал ғимараттың үстіндегі өзгеше қондырма – толқынды еске түсіретін деталды күмбезі құлайын деп тұр.
Қалпына келтірудің негізгі мақсаты – бастапқы, түпнұсқа түріне жақындатылған келбетін қайтару. Бұған қаржы қажет, ал ол жергілікті бюджеттен табылмай отыр. Сондықтан тарихи үйлердің барлығы дерлік қалпына келтірілмей, тек ішінара жөнделеді. Бұл біраз уақыт өткеннен кейін біздің қаламыздың өткен тарихын білдіретін бір-бір ғимараттың қалмауына әкелетін шығар.
Железнодорожный (қазіргі М.Темірханов атындағы) көшесіндегі бұрынғы вокзал ғимаратын қалпына келтіру, менің ойымша, сәтті шыға қоймаған сияқты. Вокзал 20-жылдары, Гурьев-Доссор тар табанды темір жолы салынған кезде тұрғызылған. Авторы А.Шергиловтың 2010 жылғы фотосуретінде ғимараттың қалпына келтірілгені, бірақ сыртқы келбеті біраз өзгергені көрініп тұр. Ал биылғы жылдың суретінде: бұрынғы вокзал елеулі жөндеуден өткен, енді оның сәулет құндылығы мүлдем жойылған. Өйткені, ол қазіргі заманға сай етіп әрленген.
Балғымбаев көшесіндегі, 38-үй ғимаратында да осындай жағдай. Ол жерде қазір облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы орналасқан. Бірінші қабат пластик панельдермен қапталған, олар ойып жасалған жақтаулар мен жапсырылған өрнектерді жауып тастап, ғимаратты сол дәуірге тән элементтер мен талғамнан айырып тұр. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңында ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландырудың үш нұсқасы қарастырылған: бюджет қаржысы, инвестиция тарту, тарихи және мәдени ескерткіштердің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаржысы.
Үшінші нұсқаға «Орал» мейрамханасына қатысты жағдай жатады. Оның тарихи ескерткіш мәртебесі бар және формальды түрде мемлекет қорғауында тұр. Бір жыл бұрын көптеген қала тұрғындарын мейрамханаға жалғама салынып жатқаны алаңдатқан еді. Өйткені, сол заңға сәйкес, мұндай нысандарға өздігімен кез-келген өзгерістер енгізу немесе күреуге тыйым салынған.
Алайда қожайыны нысанның сақталуына мүдделі екенін, жобасын өзгертіп, қабырғаларды сындырмайтынын, ал жалғаманың негізгі ғимаратқа қосымша болатынына сендірді. Ол, сондай-ақ, қала тұрғындары ғимаратты қалпына келтіру бойынша өз ұсыныстарын беру үшін Facebook-те топ ұйымдастырған. Содан соң тыныштық орнады, енді бір жыл өткен соң, бұл жерден техника мен «Орал» мейрамханасының жалғамасын салу және қалпына келтіру» деген плакатты бақылауға болады. Бас мердігер ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік лицензиясы бар оралдық «Эркер» ЖШС болып табылады.
Қандай болатынын кейін көретін боламыз, алайда қазірдің өзінде стиль бақылануда және ол наразылық тудырып отырған жоқ. көпшілігі үнемдеу мақсатында жалғаманы қызыл кірпіштен салып жатыр деп ойлайды, бірақ олай емес: бұл нысанды көне ғимаратқа сай етіп жасау үшін әдейі жасалған, - дейді көтеру кранының кабинасындағы тәжірибелі ер адам. Ғимаратты қалпына келтіруді 2017 жылдың соңына қарай аяқтауға уәде беріп отыр.
Тағы бір мәселе – Жилгородок. Кезінде осы кешеннің барлығына республикалық маңыздағы тарихи ескерткіш мәртебесі берілді. Ал «Құрманғазы» Мәдениет сарайына жақын Әуезов көшесінің бойындағы үйлердің тұрғындары көптен бері дабыл қағуда: көшенің екі жағындағы ескі үйлердің аркалары түсіп жатыр, енді опырылып құлауы жақын. Ал өз қаржысы есебінен сәулет нақыштарын қалпына келтіруге тұрғындардың жағдайы жоқ.
Бай өрнектер, бедерлердің, жақтаулардың молдығы, сатылы мұнаралар, колонналар мен аркалар... Шынымен де, мұның бәрі мәңгілікке жоғала ма?
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген автор