
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық Beeline мобильді нөмірлерінде пайдаланушыларға «Микроқоңырау» («Микровызов») ретінде танымал Beep Call қызметі жұмыс істеуін тоқтатады.
Бұл туралы компаниядан хабарлады.
Beep Call — бұл бір абонент екіншісіне хабарласа алмаған жағдайда іске қосылатын, өткізіп алған қоңырау туралы хабарлама сервисі. Қызмет тегін болды және нөмірді тіркеу кезінде автоматты түрде қосылатын.
Beeline-ның түсіндіруінше, бұл сервис бастапқыда пайдаланушыларға ыңғайлы болу және байланыс әрекеттері туралы толық ақпараттандыру мақсатында құрылған. Алайда уақыт өте келе абоненттердің мінез-құлқы өзгерді: қарым-қатынастың қомақты бөлігі мессенджерлерге ауысты, ал қоңырау соққаннан кейінгі «автоқоңыраулардың» өзі көптеген адамдар үшін мазаны алатын және көңілді бөлетін фактор ретінде қабылдана бастады.
Компания бұл қызметті өшіру туралы шешім клиенттердің кері байланысынан кейін қабылданғанын мәлімдеді.
«Пайдаланушылардың пікіріне құлақ түрдік», — деп хабарлады Beeline.
2026 жылдың 30 маусымына дейін (оны қоса алғанда) Beep Call әдеттегі режимде жұмыс істей береді. 1 шілдеден бастап бұл қызмет оператордың барлық мобильді абоненттері үшін қолжетімсіз болады.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мобильді операторлар енді өткізіп алған қоңыраулар туралы хабарламаларды абоненттерге тек қана SMS-хабарлама түрінде — роботтардың автоматты қоңырауларынсыз жібере алатынын хабарлаған болатын.
В Атырау +14