
Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальоны күшейтілген режимде профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Соның нәтижесінде қала аумағында 1000-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заң бұзған азаматтарға тиісті шаралар қолданылды.
Анықталған деректердің басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін сақтамауға қатысты. 870 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, 130-дан астам азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жазаланды. Мас күйде көлік басқарған 4 жүргізуші сот шешімімен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамалды.
Сонымен қатар, 120-дан астам жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны немесе жүк пен жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Ал 5 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін әкімшілік жазаға ілікті.
Қоғамдық орындарда құқық бұзған 20-ға жуық азаматқа да шара қолданылды.
В Атырау +13.8