Атырау, 14 мамыр 04:21
 дождьВ Атырау +22.4
$ 467.63
€ 547.69
₽ 6.36

Оқиға

Полиция қызметкерлерінің әшкере болған әрекеттері Оқиға

Полиция қызметкерлерінің әшкере болған әрекеттері

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінде кеңес өтті. Онда үкімі шыққан және әлі де тергеліп жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер талқыланды. 1 мамыр 2020, 11:41 6 433 рет қаралды
Мотоциклмен бір кеште алты бап бұзды Оқиға

Мотоциклмен бір кеште алты бап бұзды

Әлеуметтік желілерде музыка әуенімен түнгі Атыраудың бос көшелерін едәуір жылдамдықпен кесіп өткен мотоциклшы түсірген ролик пайда болды. Орталық көпірден ТШО-ға қарай түсетін жерде оны жол-патрульдік полиция қызметкері тоқтатпақ болады, бірақ ол жылдамдықты үдете түседі. Бейнежазба 22 сәуір 2020, 09:59 4 032 рет қаралды
«Бекіре-2020»: заң бұзушылық азаймай тұр Оқиға

«Бекіре-2020»: заң бұзушылық азаймай тұр

Кең ауқымды «Бекіре-2020» балық қорғау акциясының алғашқы 15 күнгі қорытындысы шығарылды. Табиғат қорғау органдары мен шекара қызметінің қызметкерлері 254 заң бұзушылықты анықтады, оның ішінде 215-і Атырау облысында, 19-ы Маңғыстау облысында және 20-сы БҚО-да. Негізінен біздің өңір туралы айтылады. 18 сәуір 2020, 16:00 4 175 рет қаралды
Мүгедек балаларды ұрып-соғу ісі сотқа жетті Оқиға

Мүгедек балаларды ұрып-соғу ісі сотқа жетті

Атыраудағы психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешілеріне қатысты қылмыстық істі қосымша тергеу аяқталды. Алайда оның сотта қаралатын күні белгісіз. Әзірге облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, тергеу басқармасының бастығы, оның орынбасары және анықтаушыларға қатысты тәртіптік іс қозғалды. 18 сәуір 2020, 17:44 4 518 рет қаралды
Айналма жолдағы оқиға: «Қандай жылдамдықпен жүрген?» Оқиға

Айналма жолдағы оқиға: «Қандай жылдамдықпен жүрген?»

15 сәуірде кешкі сағат жеті шамасында Hyundai Accent көлігінің 27 жастағы жүргізушісі орталық көпірден Драма театры жаққа қарай түсіп келе жатып, бұрқақты қоршаған жиекке шығып кеткен. Бейнежазба 16 сәуір 2020, 15:45 7 041 рет қаралды
Сенаторлар істің қысқартылғанына наразы Оқиға

Сенаторлар істің қысқартылғанына наразы

Атырау облыстық полиция департаменті №3 Арнайы әлеуметтік көмек көрсететін орталықта тәрбиеленетін мүгедек балаларды ұрып-соққан тәрбиешілерге қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұл жағдай Қазақстан сенаторларының ашуын туғызды. Толығырақ – «АЖ» материалында. 13 наурыз 2020, 10:38 3 448 рет қаралды
Ломбард директоры түрмеде отырып ақша алғысы келген Оқиға

Ломбард директоры түрмеде отырып ақша алғысы келген

Атырау тергеу изоляторының (УГ-157/1) сәлем-саухат қабылдау бөлмесінде «ломбард» ісі бойынша қамауға алынған 24 жасар тергелушіге үйінен әкелінген шалбардың артқы қалтасынан 45500 теңге табылып тәркіленді. Сурет 10 наурыз 2020, 15:20 5 950 рет қаралды
Ресейлік азамат киіктің мүйізімен ұсталды Оқиға

Ресейлік азамат киіктің мүйізімен ұсталды

Жуырда Құрманғазы ауданы Байда ауылында орналасқан шекара бекетінде «КамАЗ» жүк көлігін тексеру кезінде 3 дана киіктің мүйізі табылған.  Көлік Ресей Федерациясының 1963 жылғы азаматына тіркелген.   6 наурыз 2020, 15:20 3 544 рет қаралды
Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған Оқиға

Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы білім беру саласында бюджет қаржысын ұрлау фактілетін анықтады. Өткен жылы жүргізілген аудит нәтижесінде 200 миллион теңгеге жеткен әртүрлі қаржылық бұзушылықтар орын алған. Оның ішінде тексерушілер бюджет қаржысын ұрлаған екі мектептің есепшісін тапты. Жақында соның біріне ҚР ҚК 189 бабы 3 бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сот үкімін шығарды.  3 наурыз 2020, 23:42 5 463 рет қаралды
Ұшақ қанатының астындағы баспана - 2 Оқиға

Ұшақ қанатының астындағы баспана - 2

Әуежай маңындағы үй құрылыстарының заңдылығын құқық қорғау органдары тексеріп жатқаны туралы бұған дейін «АЖ» хабарлаған еді. Атап айтқанда, Атырау халықаралық әуежайының маңындағы «Нұрсая-3» ықшамауданындағы үйлердің құрылысы тексерілуде. Бізде жарияланған мақаладан кейін Атырау қаласы әкімдігі атынан әкім орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ «АЖ»-ның ресми сауалына жауап берді. 28 ақпан 2020, 14:46 3 249 рет қаралды
Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді Оқиға

Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді

Бүгін, 28 ақпанда, №2 Атырау қалалық сотында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМУРЗИЕВАҒА қатысты жеңілдетілген тәртіпте қаралған қылмыстық іс аяқталды. Ол ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 2000 АЕК (5 млн 50 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ол сондай-ақ 3 жылға медицина саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. 28 ақпан 2020, 15:00 4 040 рет қаралды
Қаржы пирамидалары мен ломбардтар: 2 мыңнан астам адам полицияға жүгінді Оқиға

Қаржы пирамидалары мен ломбардтар: 2 мыңнан астам адам полицияға жүгінді

Өткен жылдың қазан айынан бастап Қазақстанның 13 өңірінде бұрын тіркелген «Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард», «Выгодный займ» атты үш ЖШС бір уақытта өз қызметін бастады. Қаржы кәсіпорындарының негізін қалаушы және басшылары Ақтөбе облысының тумалары. Олар аталған компаниялардың заңсыз қызметін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 25 ақпан 2020, 11:27 3 127 рет қаралды
Атырауда клиенттер «Home Avto Invest» директорын кепілге алды Оқиға

Атырауда клиенттер «Home Avto Invest» директорын кепілге алды

21 ақпанда Атыраудағы тағы бір ломбард - «HomeAvtoInvest» ЖШС - салымшылары кеңсенің алдына жиналып, кепілге салған ақша, көлік және жылжымайтын мүліктерін қайтаруды талап етуде. Бұл жерде домино принципі жүзеге асқан секілді. Халық «Нұр-Али Капитал» және «Гарант 24» ломбардындағы қиын жағдайды естіп, әбіргерге түсті. Тіпті салымдарыңызды кез келген уақытта алуға болады деп хабарлаған әлеуметтік желідегі бейнежазба да оларды сабасына түсірмеді. Алдыңғыларына қарағанда, бұл ломбардтың салымшылары "қатты кеткен" сияқты. Ломбардтың директорын кепілдікке алып, пәтерде ұстап отыр. Ал бұл ҚР ҚҚ 126-бабына («Заңсыз бостандығынан айыру») сай қылмыс болып саналады. Толықтырылды 22 ақпан 2020, 10:26 3 804 рет қаралды
Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен ломбард директоры іздестірілуде Оқиға

Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен ломбард директоры іздестірілуде

Атырауда полиция «Нұр-Али Капитал» ЖШС жұмысын тексеруді бастады. Жәбірленушілердің айтуынша, компания директоры клиенттерге ломбардқа кепіл ретінде тапсырған автокөлік немесе жылжымайтын мүлікті 2-3 айдан кейін тиімді бағаға сатып, қомақты қаражат етіп қайтаруға уәде берген.  Кеше, 19 ақпанда, алданып қалдық-ау деп алаңдаған бір топ атыраулық ломбардтың алдына жиналды. Бейнежазба 20 ақпан 2020, 17:48 5 664 рет қаралды
Атыраудағы нәрестені өлтіру ісі бойынша үшінші айыпталушы пайда болды Оқиға

Атыраудағы нәрестені өлтіру ісі бойынша үшінші айыпталушы пайда болды

«АЖ»-ға белгілі болғандай, жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық перинаталдық орталығының 53 жастағы акушер-гинекологын ұстады. 11 ақпан 2020, 12:40 4 556 рет қаралды
Атырауда алаяқ бірнеше «бір күндік» балабақша ашқан Оқиға

Атырауда алаяқ бірнеше «бір күндік» балабақша ашқан

Атырау полициясы ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 26 жастағы Аида Максотованы ұстады. Ол жекеменшік балабақша мен мектепке дейінгі білім беру орталықтарын ашып, ата-аналардан жарты жыл немесе бір жылға алдын ала төлем жинап алып, кейін «көзден ғайып болған».  6 ақпан 2020, 17:23 4 510 рет қаралды
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова 2 жыл бас бостандығынан айырылды Оқиға

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Сайлауова 2 жыл бас бостандығынан айырылды

№2 қалалық сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВКЕ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, әдістемелік орталық директоры Ғабит ҚАБЕКЕНОВКЕ, жеке кәсіпкер Назымгүл МӘЖИТОВАҒА, «Қазақстан геологы» емдеу пансионаты» КМҚК есепшісі Қансұлу ЖАМЕЛОВАҒА, әдістемелік орталықтың маманы Бейбіт ЗАБЕНОВКЕ, есепшісі Құндыз ИМАНҒАЗИВАҒА үкім шығарды.  Сурет Бейнежазба 6 ақпан 2020, 20:53 7 818 рет қаралды
"АЖ" тілшісі сот отырысын өткізу орнын қалай өзгертті Оқиға

"АЖ" тілшісі сот отырысын өткізу орнын қалай өзгертті

3 ақпанда Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мас күйінде автокөлік жүргізді деп айыпталған Полиция департаментінің қызметкеріне қатысты іс қаралды. Бірақ бұл отырыстың жоспарланған жерде өткізілмеуіне «АЖ» тілшісі қатысқан қалалық полиция басқармасының (ҚПБ) ішіндегі шытырман оқиға себеп болды. Жергілікті соттың тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған шығар. Барлығын басынан бастайық. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 12:58 4 313 рет қаралды
Ауылдастарының қорасына қасақана от салған Оқиға

Ауылдастарының қорасына қасақана от салған

Өткен жылдың күзінде «АЖ» Индер ауданы Көктоғай ауылында 7 үйдің мал қорасы мен қыстық шөптері өртенгені туралы жазды. Тұрғындар біреулер әдейі от салған деп болжам жасайды. Ал полиция қызметкерлері қасақана өртеу мүмкін емес деп пікір айтқан. Полиция істің мән-жайын әлі анықтаған жоқ. Дәл осындай оқиға Махамбет ауданы Таңдай ауылында да бірнеше рет болған, бірақ мұнда қылмыстың ізі табылды. 29 қаңтар 2020, 10:40 5 049 рет қаралды
Атырауда туыстарымен бірігіп «адамды бөлшектеген» қылмыстық іс бойынша үкім шықты Оқиға

Атырауда туыстарымен бірігіп «адамды бөлшектеген» қылмыстық іс бойынша үкім шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осыдан жеті жыл бұрын өз күйеуін өлтіріп, кейін мүрдесін туысқандарының көмегімен бөлшектеп, көміп тастаған әйелге қатысты іс бойынша үкім шықты. 29 қаңтар 2020, 10:42 5 871 рет қаралды
Шекарашылар «Құрманғазыда» 15 тонна насыбай тиеген көлікті тоқтатты Оқиға

Шекарашылар «Құрманғазыда» 15 тонна насыбай тиеген көлікті тоқтатты

«Құрманғазы» шекарашылар қосынында ресейлік номерлі «КамАЗ» автокөлігін тексерген кезде көп мөлшерде насыбай тиелгені анықталды. «Барлығы 15 тонна 580 келені құрайтын 380 қап табылды», - деп хабарлады №2016 әскери бөлімше қызметкерлері. 28 қаңтар 2020, 12:22 5 243 рет қаралды
Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады Оқиға

Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады

Бүгін, 21 қаңтарда №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали Кенжеғалиевке, оның орынбасары Роза Қабдоловаға, жеке кәсіпкер Н.Мәжитоваға, сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлері Г.Қабекеновке, К.Иманғазиеваға, К.Жамиловаға және Б.Забеновке қатысты сот процесі жалғасты. Процесске судья Жұмағали ТАШИМОВ төрағалық етті. 21 қаңтар 2020, 17:43 5 159 рет қаралды