Сұрақ-жауап Ұжымдық шартты оқып көріңіз! – Өткен жылы біз құрбым екеуміз Қытайға емделу үшін барған едік. Онда құрбыма ота жасалды. Биылғы жылы да біз тағы да ем алуға және құрбым отадан кейін тексерілуге бардық. Қытайдан оралған соң өзіміздің кәсіпорынымыздың әкімшілігіне емделуге барған шығындарымыздың жартысын болса да өтеу үшін материалдық көмек беруін сұраған едік, бірақ, олар оны төлеуден бас тартты. Оған олар материалдық көмектің кейінгі күн датасымен жазылып берілмейтіндігін және барлық құжаттардың қытай тілінде жазылғандығын сылтау етті. Әкімшіліктің бұл әрекеті дұрыс па? 19 қазан 2011, 18:06 2 184 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ильич шамы жанады – Атырау мөлтек ауданындағы К.Есенбай көшесінің бас жағы мен аяқ жағына ғана жарық берілген. Неге? 19 қазан 2011, 18:08 2 241 рет қаралды
Сұрақ-жауап Балаларға жаным ашиды - Көршілес тұратын жандардың балаларының жылап – сықтағанын естіген сайын көкірегім қан жылайды. Ол балалардың ата-аналары қашан көрсең де мас болып жүреді, балалары үнемі аш-жалаңаш қалады. Әрине, мен көршілері ретінде оларға арасында көмегімді беріп те тұрамын. Сол балаларға көмек көрсетілуі үшін мен қайда барып жолыққаным жөн? 12 қазан 2011, 18:39 2 856 рет қаралды
Сұрақ-жауап Нұрсаяда Назарбаев зияткерлік мектептері салынуда - Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебі қашан ашылады? Нұрсая ықшам ауданындағы «Мирас» және «Өркен» мектептерінің құрылысының Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысы бар ма? 12 қазан 2011, 18:43 10 213 рет қаралды
Сұрақ-жауап Маршрут бұрынғы бағытқа көшті – №3 автобус маршрутын неге өзгерткен? Қазір автобус Атырау мөлтек ауданына Молдағұлова көшесі бойымен «Арарат» кафесі маңымен өтіп, Жайық бағытына қарай барады. №31 мектеп пен салынып жатқан балабақша маңымен өтетін бұрынғы маршрутты қайтадан беруге бола ма? 12 қазан 2011, 18:46 1 914 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бөпенің ақшасын көкесі алады – Мен Атырау қаласының тұрғынымын. Менің азаматтық некедегі әйелім Қарақалпақстандікі. Желтоқсан айында біздің баламыз дүниеге келмекші. Әйелім бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ала ала ма? 12 қазан 2011, 18:47 2 109 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жол жөндеуге желілер кедергі – Биыл жол қызметкерлері «Атырау-Жарық» АҚ-ның электр тарату магистральды желілері бар болғандықтан, Доссорский өткелін асфальттаудан бас тартты. Ақ депо массивіндегі басқа көшелер абаттандырылды. Көрші көшелердегі жол деңгейлері жоғары болғандықтан, бүкіл жаңбыр суы бізге қарай ағады. Электр тарату желілерінің тірегін айналып өтіп, жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге бола ма? 6 қазан 2011, 20:53 1 863 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салық төленбейді – Біз ресейлік серіктестерімізбен жұмыс жасай бастадық. Олардан Қазақстанға өткізу үшін тауарлар сатып аламыз, ал олар бізге рубльмен шот-фактураларын жібереді. Біздің бухгалтеріміз компания резидент болмағаны үшін 20 пайыз салық төлеуі тиіс дейді. Бірақ осы фирмамен 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Қазақстанның басқа қалаларындағы таныстарым мұндай салықты төлемейді. Резидент болмағаны үшін салық төлеуім керек пе? 6 қазан 2011, 20:54 2 005 рет қаралды
Сұрақ-жауап Асфальтты биыл күтіңіз – Біздің Атырау ықшамауданындағы бүкіл көше асфальтталды. Бірақ біздің Шманов көшесі қалып қойды. Бұл - асфальтталған көшелердің маңында 100 метрдей қашықтықта орналасқан бірнеше үйлер. Осы учаскені әлі дұрыстай алмай келеді. Біз облыс пен қала әкімінің блогтарына әлденеше рет жаздық. Жергілікті билік бізге біресе биылғы жылдың жоспарына енгіздік, біресе келер жылы енгіземіз деп жауап береді. 6 қазан 2011, 20:56 2 119 рет қаралды
Сұрақ-жауап Фельдшерге де үстемақы тиесілі - Мен орта буын медицина қызметкермін. Біз де медбикелермен бірдей уақыт жұмыс істейміз. Жалақымыздың қалай есептелетінін білгім келеді. Фельдшер мен лаборанттардың жалақысы медбикелер жалақысымен бірдей төлене ме? Мәселен, учаскелік медбикелер тоқсан сайын 40-50 мың теңгедей ақша алады. Ал денсаулық сақтау мекемелерінің кабинеттерінде отырып жұмыс істейтін орта буын медицина қызметкерлеріне қандай да бір қосымша үстемақы тиесілі ме? 6 қазан 2011, 11:51 3 401 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақым дұрыс есептелген бе? - Мен 1944 жылдан 1988 жылға дейін колхозда мал бақтым. Кейін мал шаруашылығындағы еңбегім үшін 45 жылдық еңбек өтіліммен зейнеткерлікке шықтым. Жалақым ол кезде 352, 35 сом. Маған тағайындалған 14 646 теңге зейнетақымды дұрыс есептелмеген деп санаймын. Оны қалай анықтауыма болады? Өтінемін. 6 қазан 2011, 11:57 2 334 рет қаралды
Сұрақ-жауап 170-тен төмен болсын – Электр энергиясы есептегішін орнатқан кезде, энергішілер оның орнатылған биіктігіне қатысты ешқандай талап қоймаған болатын. Ал биылғы жылы кенеттен байқап қалып, есептегіштің 170 см-ден жоғары орналаспауы тиіс екендігі туралы ұйғарым әкелді. Бұл талап қайдан шыққан? Мен, мәселен, оны биік жерге орнатқан кезде, подъездерде бөгденің мүлкін бүлдіретіндерден қорғанып, соны басшылыққа алдым. 29 қыркүйек 2011, 20:02 2 087 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тапанша ұстауға тыйым жоқ – Менде сақтауға және алып жүруіме рұқсат етілген «Оса» деп аталатын зақым келтіретін тапанша бар. Тағы бір зақым келтіретін тапанша сатып ала аламын ба? 15 қыркүйек 2011, 23:27 3 135 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бұрынғы кезегі бұзылады – Ақтау қаласында тұрған кезде бірнеше жыл бойына жетім ретінде коммуналдық баспана алу кезегінде тұрдым. Қазір Атырауға көшіп келдім. Ақтаудағы кезегім бойынша мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы негізінде үй алу кезегіне тұра алам ба? 15 қыркүйек 2011, 23:38 2 024 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көпір астынан өте алмайсыз – Атырау мұнай және газ институты жақтан орталық қалалық көпірге қарай Азаттық даңғылына тіке (бұрқақтың жанынан) шыға алам ба? Әлде маған көпір астымен өту керек пе? 15 қыркүйек 2011, 23:40 2 092 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көп балалы анаға төленетін жәрдемақы қайда? - 2001 жылдан денсаулығыма байланысты зейнетақы аламын. 2007 жылы бес баламен 53 жасқа толып, зейнеткерлікке шықтым. Енді маған көп балалы ана ретінде берілетін 6006 теңге қосымша ақша төлене ме? Неге осы уақытқа дейін төленбей келеді? 15 қыркүйек 2011, 18:45 4 855 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қыздар лицейі келесі жылы ашылмақ - Қазақ-түрік қыздар лицейі қашан ашылады? 15 қыркүйек 2011, 18:47 3 452 рет қаралды
Сұрақ-жауап “Ольга бізге жолықсын” – 2009 жылы «Химик» бағбандық серіктестігінің Грушевая көшесінің бағбандары «Атырау су арнасы» КМК рұқсатымен өз қаржыларына Көкарна поселкесінен су құбырын тартқан болатын. Менің саяжайым осы көшенің бойында еді. Бірақ мен жолаушылап кеткендіктен, су құбырын жалғауға үлгере алмай қалдым. Кейінірек «Атырау су арнасы» КМК-не рұқсат алу үшін барған едім, ондағылар уақытымен осы су құбырын салып алған көршілерімнің жазбаша келісімін алуға кеңес берді. Мен олардың қолдарын қойғызып, келісімдерін алған едім. Енді су құбырындағы сумен көшеттерді суарасыз деген желеумен маған техникалық шартты беруден бас тартып отыр. Бізде суаруға арналған суарма су құбыры бар ғой, маған көшеттерді хлорланған сумен суарып қажеті қандай?! 8 қыркүйек 2011, 21:32 2 201 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пәтеріңізде ешкімнің шаруасы жоқ – Көршіміздің жақын арада күйеуі қайтыс болды. Ол егде тартқан жалғызбасты әрі аурушаң адам. Біз оған Қарттар үйіне орналасуға кеңес бергіміз келеді. Оны қалай рәсімдеуге болады? Оның пәтері не болмақ? Көршім егер ол Қарттар үйіне баратын болса, мемлекет оның мүлкін алып қояды деп ойлайды. 1 қыркүйек 2011, 00:02 2 740 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құлағыңыз естімесе, рульге отырмаңыз – Таяу күндері жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде «Кереңдік» деген белгіні көріп, оны беруден бас тартты. 10 жыл бұрын осындай жағдай орын алған еді. Бірақ ол кезде проблемаға адамша және түсіністікпен қараған болатын. Менің аудиограммамды қарап, менің саңырау емес, тек жиіліктер бойынша ғана ақауым бар екенін, тек жай дыбыстарды ғана естімей қалатынымды анықтаған еді. Осы диагноз бен толықтай кереңдіктің арасындағы айырмашылық үлкен. Менің 40 жылдық жүргізушілік өтілім бар. 20 жыл бойына автобус жүргіздім. Жыл өткен сайын сол жақ аяғым жүргізбей, қиындықпен қозғаламын. Көліксіз тіпті, зейнетақымды алу үшін поштаға немесе нан алу үшін дүкенге жете алмай қаламын. Көліксіз ешқайда шыға алмаймын. Осы жағдайды анықтап, немқұрайлы қарамасаңыздар екен деймін. 1 қыркүйек 2011, 00:04 2 425 рет қаралды
Сұрақ-жауап Үйіме кіре алмай жүрмін – «City brew» мейрамханасына қарсы жолға қос жолақ салынған. Енді Авангард жақтан қозғалғанда бірден сол жаққа қарай бұра алмай, 4-ші ықшамаудандағы №18 үйімнің ауласына кіре алмаймын. Маған бұрылу үшін рұқсат етілген бұрылысқа дейін бару керек. Үйдің басқа жағынан да аулаға шыға алмаймын, ПИК орнатқан жабын тұрба кедергі келтіреді. Аулада тұратын көлік иелеріне не істеуге болады? Бұрылыс аймағынан біздің үйге қарай үзік сызықты жолақ салуға болмай ма? 1 қыркүйек 2011, 00:05 2 154 рет қаралды
Сұрақ-жауап Байланысқа жақында шығасыз! – 2010 жылғы қарашада Водников поселкесінде телефондандыру жұмысы басталған болатын. Алдымен телефонды (интернет, кабельдік ТВ) 2011 жылдың қаңтарына дейін қосуға болады деген еді. Одан кейін бұл мерзім 2011 жылдың наурыз айына шегерілді, одан әрі сәуірге ұзартылды. Қысқасы, бізді телефонмен жабдықтау қандай себептерге байланысты кейінге қалдырылып отыр, соны білсек деймін. 18 тамыз 2011, 23:06 2 224 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қате төлем қайтарылады – Мен жеке кәсіпкермін. Жақында мен қателесіп әлеуметтік төлемдер үшін ақшаны төлемақы өсімінің есепшотына аударып жіберппін. Және ол біраз ірі сома болатын. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығында маған ақшаны жеке есепшотқа қайтарып алуға мүмкіндік беретін бланк берді. Ақшаны жай ғана бір есепшоттан (төлемақы өсімі) әлеуметтік төлемдер үшін менің негізгі есепшотыма аудара салуға болмай ма? Егер болмаса, ешқандай да жеке есепшот ашпастан-ақ, тек алушыға қайтаруды рәсімдеуге бола ма? 18 тамыз 2011, 23:09 2 736 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұтынушы таңдау құқына ие – Монополист тұтынушыға есептегіш құралын қайдан сатып алатындығын айтып, бұйыруға құқылы ма? «Атырау Энергосату» мекемесінде маған есептегіш құралды Уәлиханов көшесіндегі өздерінің ғимаратына қарсы дүкеннен сатып алу керектігін айтты. Есептегіш құралдар онда 7 000 теңге тұрады. Мен сол есептегішті... 18 тамыз 2011, 23:17 3 345 рет қаралды
Сұрақ-жауап Медициналық комиссиядан өтуі қажет - Осыдан үш жыл бұрын дәрігерлер ота арқылы денемде пайда болған жарықты (грыжа) алып тастаған болатын. Ол жарық қазір қайта шығып отыр. Дәрігерлер ота жасамаймыз, себебі, ол орнына қайтадан шығып кетеді, - дейді. Білейін дегенім, денемде пайда болған жарық ұлғайып, жүріп-тұруыма, жұмыс істеуіме қиындық туғызып отыр. Осыған байланысты маған мүгедектік туралы анықтама қағазы беріле ме? Дәрігерлер маған бір келіден артық салмақ көтеруге болмайды деген болатын. 18 тамыз 2011, 15:47 2 122 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қанша валюта болса да рұхсат Қазақстан аумағына Белоруссия және Ресейге қанша сомадағы қолма-қол шетел валюталарын немесе ұлттық валюталарды алып кіруге немесе алып шығуға болады? 18 тамыз 2011, 15:56 2 328 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тауарларға шектеу бар - Тауарларды халықаралық поштамен жөнелту кезінде шектеулер бар ма? 18 тамыз 2011, 16:24 1 848 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ономастикалық олқылық – Атырау обаға қарсы стансасы орналасқан көшенің атауы бүкіл әлемге танымал микробиолог және эпидемиолог Даниил Кириллович ЗАБОЛОТНЫЙ есімімен аталады. Алайда, көбіне кіріс хат-хабарларда «Заболотная көшесі» болып көрсетіледі. Хат-хабар жолдаушылардан көше атауын дұрыс жазуды сұрағымыз келеді. 11 тамыз 2011, 20:17 2 312 рет қаралды
Сұрақ-жауап …Тағы да арнадан радио сөйлеп тұр – Менің үйімде кәдімгі көше антенасы. Міне, бір айға жақындады «Еуроазия» арнасын көру мүмкін емес. Үнемі бір кедергілер шығып жатады, әуен ойналады, әлдебір диджейлердің әңгімелері естіліп жатады. Неліктен ондай жағдай орын алып отыр? 11 тамыз 2011, 20:20 2 274 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бүлінгенін ауыстыруға болады – Менде бүлініп қалған 10 мыңдық теңге бар, дүкендегі сатушылар оны алудан бас тартып отыр. Маған бұл ақшаны қайда ауыстырып береді? 11 тамыз 2011, 20:21 2 380 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жәрдемақы жалақы есебінен болады – Мен жеке кәсіпкермін. Базарда сауда жасаймын, тоқсан сайын салық есебін тапсырамын. Жақында үшінші баламды босандым. Енді маған бала туғаныма және бала күтіміне байланысты қандай төлемдер тиесілі екендігін білсем деп едім. 11 тамыз 2011, 20:23 2 066 рет қаралды
Сұрақ-жауап Гранттар республика бойынша таратылады – Биылғы жылы мен педагогикалық колледжді бітірдім. Мектептер және оқу орталықтары колледж түлектерін біліктілігі жоқтығынан жұмысқа алмайды. Біздер ең болмағанда бастауыш сыныптарда да жұмыс істей алмаймыз ба? Келесі жылы жоғары оқу орнының күндізгі бөліміне түсуді жоспарлап отырмын, биыл кешігіп қалған сияқтымын. Жыл сайын біздің университетке «Аударма ісі» және «Ағылшын тілінің мұғалімі» мамандықтары бойынша қанша гранттар бөлінеді және құжаттарды қабылдау қашан жүргізіледі? 28 шілде 2011, 22:09 5 263 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көне куәлікті қайта ауыстырған жөн - Немеремді тұрып жатқан мекен-жайыма тіркеу барысында кедергілерге ұшырап отырмын. Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар ескі жазулары көрінбейтіндіктен куәлікті ауыстыру керек деп отыр. Ал АХАЖ бөліміндегілер менен куәлікті ауыстыру үшін 1500 теңге сұрайды. Олардың ақша сұрауы дұрыс па? 28 шілде 2011, 22:13 2 819 рет қаралды
Сұрақ-жауап Апаттан өз күштерімен құтылуға тиіс – Жеке бес тұрғын үйді сумен қамтитын Жарбосынов және Связная көшелерінің қиылысында орналасқан орталық су тартқыш құбырының жарылып, судың сыздықтап кетіп жатқанына үшінші аптаға аяқ басты. Әзірге тиекті шұраның жұмыс істеп тұрғандығының арқасында судың басып кетуінен аман. Егер ол бұзылған жағдайда не болмақ?... 28 шілде 2011, 22:20 2 335 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заңнамада өзгеріс жоқ – Бұрын зейнеткерлікті рәсімдеу барысында кез-келген үш жылғы табысы туралы анықтаманы тапсыру керек болатын. Енді ол мерзім екі жылға қысқартылды дейді. Жаңа ереже күшіне қашан енді? 28 шілде 2011, 22:27 2 243 рет қаралды