– Жеке бес тұрғын үйді сумен қамтитын Жарбосынов және Связная көшелерінің қиылысында орналасқан орталық су тартқыш құбырының жарылып, судың сыздықтап кетіп жатқанына үшінші аптаға аяқ басты. Әзірге тиекті шұраның жұмыс істеп тұрғандығының арқасында судың басып кетуінен аман. Егер ол бұзылған жағдайда не болмақ? «Атырау Су Арнасының» апатты қызметі су желісі жеке болғандықтан ешқандай шара алып жатқан жоқ. Алайда, жеке желілерге қызмет көрсету тарифтерге енгізілген, өйткені, басқалай талаптар бірде-бір құжатта көрсетілмеген деп ойлаймын. Су кетіп жатқан жердің тікелей астында немесе үстінде Нұрсая ықшам ауданына тартылған магистральды электр желілері және газбен жабдықтау желілері орналасқан. Атырау Су Арансы мұндай жөндеу жұмысына жеке үй иелерінің күші жетеді деп ойлай ма? Аталмыш желілер бүлінген жағдайдағы шығындарды қазіргі орын алып отырған жеңіл ақауларды жою барысындағы шығындармен салыстыруға болмас.
www.azh.kz сайтынан
«Атырау Су Арнасы» КМК директоры Серік ЖҰМАШБАЕВ:
«Жарбосынов және Связная көшелерінің қиылысындағы су құбырының апаты жеке су құбырында орын алған. «Атырау Су Арнасы» КМК тарифтерінде сумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметте жеке су құбырларын жөндеу шығындары қарастырылмаған. Аталмыш ауданның тұрғындарына жеке су құбырындағы апатты өз күштерімен жоюларына тура келеді».