Сұрақ-жауап Жылу жоқ – Азаттық, 67А мекенжайында тұратын жақын танысым Власова Динара Нұриқызының пәтерінде жылу жоқ. Қайда шағымдансақ та, ештеңе өзгермеді. 28 қаңтар 2016, 00:00 2 075 просмотра
Сұрақ-жауап Міне, жаңа бұрылыс – Геолог поселкесі бағытындағы жолдарды кеңейткеннен кейін Атырау – Доссор тас жолындағы бөлу сызығын не себепті тұтас сызған? Осылайша, тас жолдан Мұнайшы ықшамауданына бұрылу мүмкін болмай қалды. Бұл ықшамаудан тұрғындарына көп қолайсыздық туғызады. Тас жолдың бойымен әрірек жүріп, Контейнерный көшесімен қиылыстан бұрылыс жасау керек. Ал бұл жерде Геолог пен Қарабатан жақтан машиналар көп жүреді. 21 қаңтар 2016, 00:00 2 515 просмотра
Сұрақ-жауап Кезекпен беріледі – Әкем қалалық мүгедектер қоғамының мүшесі. Алайда неше жылдан бері қоғамнан ешқандай көмек алмайды. Бірақ ірі компаниялар мерекелерге орай ақшалай және азық-түлікпен көмектесіп, мүгедектерге үнемі қолдау көрсетіп отырады деп естідім. Әкем жарналарды тұрақты төлеп тұрады. Мүгедектерге қандай принцип бойынша көмек көрсетіледі? 21 қаңтар 2016, 00:00 2 279 просмотра
Сұрақ-жауап Күреліп, көшірілу керек – 2014 жылдың сәуірінде Атырау қаласында 2014-2020 жылдары жатақханаларды, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жөніндегі облыстық бағдарлама бекітілді. Осы құжатқа байланысты біздің жатақхана 2015 жылы күрелуі тиіс болды. Бірақ күрелмеді. 2016 жылы не күтуге болады? 21 қаңтар 2016, 00:00 3 203 просмотра
Сұрақ-жауап Баршаға арналған БКМ – Желтоқсанда Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында онлайн-мәліметтер тарату қызметі бар бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдануға қатысты өткен жиналыста өз сатылымдарын онлайн-режимде тіркеуге міндетті кәсіпорындардың тізімі әлі бекітілмегендігі хабарлаған еді. Бұл тізім бекітілді ме және оған сұлулық салондары кіре ме? 21 қаңтар 2016, 00:00 2 207 просмотра
Сұрақ-жауап Болмаған оқиға - 17 желтоқсанда мені Аққыстау АІІБ-не шақырып, полиция қызметкерлері маған қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзды деген хабарлама келіп түскенін айтты. Олардың айтуынша, мен 8 қараша күні сағат 6-32-де Құлсары қаласында өзімнің Газель автокөлігіммен темір жол өткелінің шлагбаумы түсіп тұрғанына қарамай, айналып өтіппін. Алайда, бұлай болуы мүмкін емес, өйткені, мен осы күні үйде болдым және Аққыстау ауылынан шыққан жоқпын. Полиция қызметкерлері осы жол қозғалысы ережесінің бұзылуын түсірген бейнежазбаны көрсетуден бас тартты. Менің айтқан барлық уәждеріме қарамастан олар хаттама толтырып, осының негізінде мен 19 800 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуім керек. Бұл жағдайда не істеуім қажет? 31 желтоқсан 2015, 00:00 3 435 просмотра
Сұрақ-жауап Ең бастысы - қауіпсіздік - Мереке күндері қалалық білім бөлімінің бұйрығымен қаланың оқу орындарында (мектептер мен балабақшаларда) қызметкерлер кезекшілігі ұйымдастырылады. Осы уақытта штаттағы күзетші де өз жұмысын атқарады. Бұл кезекшіліктерді не үшін ұйымдастырады? Мереке күндері жұмыста осындай кезекшілікте отырған уақыт төленбейді? 31 желтоқсан 2015, 00:00 3 878 просмотра
Сұрақ-жауап Таңдаулылар тұратын тұрақ - Привокзальный ықшамауданындағы 3-емхананың алдында үлкен көлік тұрағы бар, алайда оған кіретін жол шлагбауммен жабулы тұрды, көлігімді жол бойына тастап кетуге мәжбүр болдым. Шалшық су, балшық болса да, бала жетектеген ересек адамдар көліктерін жолдың арғы жағына қойып, жаяу келуге мәжбүр. Алайда кең көлік тұрағының аумағы жартылай бос тұрады, бұл жерге тек қызметкерлер өз көліктерін қояды. Мекеме басшылығынан неге шлагбаум қойып, келген адамдарды неге кіргізбейтінін сұрағым келеді. 31 желтоқсан 2015, 00:00 2 429 просмотра
Сұрақ-жауап Біржолғы материалдық көмек туралы - Мені эпилепсиямен ауыратын 15 жастағы мүгедек балам Бекмұрат Қалбайға берілетін біржолғы материалдық көмек мөлшерінің жылдан-жылға азайып бара жатқандығы алаңдатады. Өткен жылы біржолғы материалдық көмек ретінде 30 000 теңге алсам, биыл 15 000 теңге ғана берілді. Бұл ақша баламды Алматыдағы «Ақсай» балалар клиникасында ем алуға апаруыма мүлдем жетпей қалды. Жылына бір рет берілетін материалдық көмекті жыл сайын шу шығарып, айлап жүріп әзер аламын. Тіпті, өткен жылы тиесілі ақшамды прокуратураның араласуымен алдым. 17 желтоқсан 2015, 00:00 7 062 просмотра
Сұрақ-жауап Куәлікті АХАТ береді - Мен 1985-1990 жылдар аралығында Семей ет-сүт өнеркәсібі институтында оқыдым. Бүгінгі күні Атырау қаласында тұрып жатырмын. Таяуда сол жылдары Семейде бірге оқыған тараздық курстасым Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат ретінде жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік алды. Досымның айтуынша, ол бұл куәлікке ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №110 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы» қаулысы негізінде қол жеткізген. Сол жылдарда Семейде оқығандықтан ондай құжат маған да тиесілі ме? 17 желтоқсан 2015, 00:00 3 209 просмотра
Сұрақ-жауап Жоғалған адамның мұрасы – Менің азаматтық некедегі күйеуім 5 жылдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Біздің ортақ баламыз бар, ол әке деп танылды. Балам оның фамилиясын алды. Күйеуімнің мүлкі – екі пәтері бар. Бір пәтерде менің жоғалып кеткен күйеуімнің қызы отбасымен, ал екіншісінде оның алыс туыстары тұрады. Бірінші пәтер сату-сатып алу келісімшарты бойынша баламның әкесіне, екіншісі жекешелендіру туралы келісімшарт бойынша оған және оның бірінші некедегі балаларына (ұлы мен қызына) тиесілі. Мен баламның мүліктік үлесін алғым келеді, бірақ оның үлкен балалары мүлікті бөлуге қарсы, мұндай жағдайда қалай әрекет еткен жөн? 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 743 просмотра
Сұрақ-жауап Көлік орны үшін күрес – Жақында Saray Lounge мейрамханасының әкімшілігі «Мейрамханаға келушілерге арналған көлік қоятын орын» деген жол белгісін орнатып, өздеріне осылайша орын иемденіп алыпты. Азаттық даңғылында бұрынғы Петровский зауытының маңында көлік тұратын жерге қатысты үнемі проблемалар болатын. Енді ол жермен өту тіптен қиындап кетті. Мейрамхана әкімшілігінің әрекеті қаншалықты заңды? 3 желтоқсан 2015, 00:00 2 245 просмотра
Сұрақ-жауап Мұғалімдер тапшы – №17 мектеп-лицейдің 2 «Е» сыныбының сынып жетекшісі жоқ. Өткен жылы бір оқытушы болды, жыл басында басқасы келді. Содан кейін бұл мұғалім кетіп қалды, ал балалардың сабағын әлі күнге дейін әртүрлі мұғалімдер өткізеді. Олар өз кестесі бойынша азды-көпті бос. Оқушылардың ата-аналары әлі күнге дейін бірінші тоқсан үшін өз балаларының бағаларын біле алмай келеді. 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 016 просмотра
Сұрақ-жауап Бірінші сынып проблемасы –№3 мектеп-гимназиясында бастауыш мектепке арналған оқу кабинеттері жетіспейді. Бірінші сыныптардың бірінде оқитын балалардың ата-аналарынан ақша жинап, мектеп дәлізінен кабинет жарақтау ұсынылыпты. Қазір бірнеше бірінші сынып жоғарғы звено жақта оқуда. Бұл бірінші сыныптықтар үшін өте қолайсыз әрі қауіпті. Таяу уақытта №3 мектептің жүгіне қатысты проблема шешілер ме екен? 3 желтоқсан 2015, 00:00 4 783 просмотра
Сұрақ-жауап Бағдаршам керек - Күн сайын біз Нұрсая ықшамауданына қарай Әбілқайыр хан даңғылына өтуге және шығуға қатысты проблемаларға тап боламыз. Осы жерде үнемі көлік апаттары орын алады. Аталмыш қиылысқа бағдаршам қашан орнатылады? Әкімшілік полиция аталмыш қиылыстың артындағы даңғылда орналасқан жылдамдық өлшегішті қала орталығы бағытына шамамен жиырма метрдей жерге ауыстыруды қарастыра ма? 3 желтоқсан 2015, 00:00 2 242 просмотра
Сұрақ-жауап Есептегіш тексеруді қажет етеді – Әлдебір заң құжатының негізінде Атырау-Жарық бақылаушылары неліктен қала тұрғындарына ыстық сумен қамту есептегіштерін ауыстыру және тексеру қажеттілігі туралы актілер жазып береді? Бұл есептегіштер жылу есептегіш аспаптарына жатпайды ғой. Олар тұтынылған су мөлшерін өлшейді, ал бұл басқа мекеменің қызметі. 3 желтоқсан 2015, 00:00 3 246 просмотра
Сұрақ-жауап «Динаға» кіру құны – Біз «Дина» базарынан азық-түліктер, заттар мен жуу құралдарын сатып аламыз. Жақында базардың үш немесе төрт бөлікке бөлінгенін байқадым. Көлікке арналған бүкіл өткелдер қоршалған. Басқаша айтқанда, егер бұрын жалпы базарға кіру үшін 50 теңге төлейтін болса, енді құрылыс материалдары базарына бөлек, азық-түлік базарына бөлек, заттар сататын базарға бөлек төлеуге тура келеді. Бұл қаншалықты заңды? 19 қараша 2015, 00:00 2 284 просмотра
Сұрақ-жауап 31-жолсыз көше – 10 жыл бұрын біз Өркен поселкесінен жер телімін алып, №31 көшеге үйімізді салдық. Әлденеше рет өтініш жолдасақ та, қалалық бюджеттен жол салуға қаржы бөлу кезінде қалалық әкімдік біздің көшемізді тізімге қасарысып қоспайды. Кейінірек салынған Самал, Балауса және Жұлдыз ықшамаудандарына жолдар барынша салынуда. Ал ұзындығы бар болғаны 900 метрге дейін болатын біздің көшемізге кезек жетпей отыр... 19 қараша 2015, 00:00 2 377 просмотра
Сұрақ-жауап Ата-ана атану бақыты - Біз қыз баланы асырап алғымыз келеді. Ол үшін қандай құжаттар жинап, қайда хабарласу керек? Бала асырап алудың тәртібі туралы білгім келеді. 19 қараша 2015, 00:00 4 441 просмотра
Сұрақ-жауап Жылу іздеп... - Жылуды қазан айының алғашқы күндері қосты. Ал менің пәтерімде тек ас бөлмесі ғана жылы. Қызмет көрсететін «Әнуар Авангард» ПИК-ке хабарласқанмын, еш пайдасы болмады. Не істеу керек? 5 қараша 2015, 00:00 2 209 просмотра
Сұрақ-жауап Call-орталыққа хабарлас – Жақында екі жасар баламды №2 қалалық емханаға медициналық тексеруден өткізуге апардым. Әңгіме кезек мәселесі туралы. Біз хирургке кіру үшін алдын ала жазылдық, тіркеу бөлімінен бізге қолымызға дәрігерге кіретін уақыт жазылған талон берілді. Бірақ көрсетілген уақыттан бір сағат кейін кірдік. Және ешкім талонға қарамайды, бәрі кезекпен кіріп жатты. Егер дәрігерге уақытында кірмесең, онда неге бұл жүйені алып тастамасқа? 5 қараша 2015, 00:00 2 359 просмотра
Сұрақ-жауап Машиналар көтерілісі – Биылғы жылдың қазанынан бастап бүкіл кәсіпкерлерде онлайн-режимде мәліметтер жолдау қызметі бар кассалық аппарат болуы тиіс деп әлденеше рет хабарланды. Бұл аппараттар болуы міндетті емес кәсіпкерлер санаты бар ма? 29 қазан 2015, 00:00 2 408 просмотра
Сұрақ-жауап Портал өзгертілмейді - 2014 жылдың қарашасында мен ХҚКО-ға балабақшадан орын алуға өтініш бердім. Біз тұратын Алмагүл 1 ықшамауданында ашылған балабақша деректер базасында жоқ екеніне сілтеме жасаған маман өтініште басқа балабақшаны көрсетуді сұрады. Кейіннен өтінішімді кері жазып, керек балабақшаның атын жазуға болатынын айтты. 29 қазан 2015, 00:00 2 508 просмотра
Сұрақ-жауап Тұрғын үй жәрдемақысы - Менің апам ІІІ топ мүгедегі, Вокзал маңы ықшамауданында тұрады. Денсаулығына байланысты бірнеше жылдан бері сыртқа шықпайды, жалғыз тұрады және тұрғын үй жәрдемақысын алады. Біз, оның туыстары, оны ресімдеуге көмектесеміз: тоқсан сайын құжат жинап, барлық қажетті қағаздарды ХҚКО-ға тапсырамыз. 29 қазан 2015, 00:00 2 660 просмотра
Сұрақ-жауап Жылы болды деп айта салады - Үшінші жыл қатарынан жылуды бірінші қазаннан бері қосып жүр, алайда ереже бойынша 15 қазанда қосуы керек. Пәтердегі батареялар жылымайды. Ал жылуды уақытынан бұрын қосқаны үшін бізді 2-2,5 мың теңге артық төлеуге мәжбүрлейді. Жылуды ерте берудің не қажеттілігі болды? 29 қазан 2015, 00:00 2 720 просмотра