Атырау, 25 желтоқсан 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Жылу жоқ

2 078 просмотра

– Азаттық, 67А мекенжайында тұратын жақын танысым Власова Динара Нұриқызының пәтерінде жылу жоқ. Қайда шағымдансақ та, ештеңе өзгермеді.

Елизавета Есқалиқызы

Сұраққа «АЖЭО» АҚ вице-президенті Алла КАНЦЕВА жауап берді:

– Д.Власованың пәтерінде «АЖЭО» АҚ, АЖЖ және «Азаттық» ПИК өкілдері қызмет көрсету сәйкессіздігіне қатысты комиссиялық тексеру жүргізді. Тексеру кезінде үйге жүргізілген жылу тасығыш параметрлері берілген режимге сай келді. Жылудың жоқ болуына ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты пәтер ішіндегі жылу радиаторлары мен тұрбалардың ықтимал ластанып бітелуі себеп болып табылады. Осы пәтердің ағымдағы жылдың қаңтарындағы жылу төлемдері оның жоқтығына байланысты ескеріліп жүргізіледі. Үйішілік тораптар «Азаттық» ПИК-іне тиесілі. АҚ тарапынан ПИК-ке кемшіліктерді жойып, осы пәтердегі жылуды қалпына келтіру талабымен ұйғарым жолданды.

28 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.