– Жақында Saray Lounge мейрамханасының әкімшілігі «Мейрамханаға келушілерге арналған көлік қоятын орын» деген жол белгісін орнатып, өздеріне осылайша орын иемденіп алыпты. Азаттық даңғылында бұрынғы Петровский зауытының маңында көлік тұратын жерге қатысты үнемі проблемалар болатын. Енді ол жермен өту тіптен қиындап кетті. Мейрамхана әкімшілігінің әрекеті қаншалықты заңды?
azh.kz сайтынан
Сұраққа облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:
– Азаттық даңғылы бойында Saray Lounge мейрамханасының жанында орналасқан «Мейрамха-наға келушілерге арналған көлік қоятын орын» деген ақпараттық-жарнамалық жол белгісі облыс-тық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының мақұлдауынсыз орнатылған. Сондықтан заңсыз болып табылады. Осы факті бойынша Атырау қ. «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары» ММ жолдың осы учаскесіндегі белгіні бұзу талабымен ұйғарым берді. Сонымен қатар, мейрамханаға келуші-лерден өзгелерге көлік қоятын қалтаға көлік қоюға тыйым салу заңсыз болып табылатынын хабарлаймыз.