Атырау, 25 желтоқсан 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Ең бастысы - қауіпсіздік

3 878 просмотра

- Мереке күндері қалалық білім бөлімінің бұйрығымен қаланың оқу орындарында (мектептер мен балабақшаларда) қызметкерлер кезекшілігі ұйымдастырылады. Осы уақытта штаттағы күзетші де өз жұмысын атқарады. Бұл кезекшіліктерді не үшін ұйымдастырады? Мереке күндері жұмыста осындай кезекшілікте отырған уақыт төленбейді?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім бөлімінің басшысы Бақберген ҚАРАБАЕВ жауап берді:

- Білім беру мекемелерінде мереке күндердегі кезекшілік ішкі қауіпсіздікке бақылау жасау және ТЖ жағдайларында шұғыл әрекет етуді қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған кесте бойынша ұйымдастырылады. Мұндай кезекшіліктер барлық мемлекеттік мекемелерде 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «ҚР мереке күндері туралы» заң нормалары негізінде жүзеге асырылады.

Мереке күндеріндегі қызметкердің кезекшілігі жұмыс берушінің Еңбек Кодексінің 97-бабына сәйкес жасалған актісімен ресімделеді. Мереке күндері кезекшілік атқарған қызметкердің қалауы бойынша ол кез келген уақытта осы сағаттардың өтемі ретінде демалыс ала алады.

31 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.