Атырау, 26 желтоқсан 00:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жылу іздеп...

2 209 просмотра

- Жылуды қазан айының алғашқы күндері қосты. Ал менің пәтерімде тек ас бөлмесі ғана жылы. Қызмет көрсететін «Әнуар Авангард» ПИК-ке хабарласқанмын, еш пайдасы болмады. Не істеу керек?

Ерболат Мусин, Авангард 3-ықшамаудан, 42 үй

Сұраққа «АЖЭО» АҚ вице-президенті Алла КАНЦЕВА жауап береді:

- Мұндай жағдайларда тұтынушылар «Атырау ЖО» АҚ-на арыздана алады. Факт бойынша үйдің жылу жүйесіне комиссиялық тексеру жүргізіліп, жылумен қамту ақаулары анықталады және қажет болған жағдайларда ақауларды жояды.

Е. Мусиннің пәтерін тексерген кезде жылу тасығыштардың (ыстық су мен жылу радиаторлары) параметрлері берілген режимге сәйкес болды. Жылудың жоқтығы тек ас бөлмесінде ғана расталды (жылу бағандарында айналым (циркуляция) болмаған). Қалған бөлмелерде ауа температурасы 21-22 градусқа сәйкес келді. «Әнуар Авангард» ПИК қызметкерлерінің күшімен жылу беру ақауы жойылып, пәтердегі жылу қалпына келтірілді.

5 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.