Сұрақ-жауап Өткелдегі қиындық - Привокзальныйдағы темір жол өткелінің маңындағы Мұнайшы аумағы тұсында «Жүргіншілер өткелі» белгісі қойылды. Бірақ «зебра» жоқ. Сондықтан да Атырау – Доссор трассасындағы көліктер жол белгісіне жақындағанда жылдамдықтарын төмендетпейді. Сонымен қатар, осы өткелдің қасына Мұнайшы ықшамауданына кіретін жол салды, нәтижесінде осы жерде жол апаттары көп болады. Осы жерге қашан бағдаршам салады екен. Өткен жылы саламыз деп сөз берген, биыл салына ма екен? 22 қазан 2015, 00:00 2 635 просмотра
Сұрақ-жауап Үлеске байланысты - Мен балалар үйінің түлегімін, мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға 2009 жылдан бері кезекте тұрмын. 2014 жылы күйеуге шығып, ұл таптым. ТКШ бөліміндегі құжаттарымды ауыстырдым. Менің білуімше, біз 45 шаршы метр пәтер алуға құқылымыз, алайда бізге тек 30 шаршы метр тиесілі деп отыр, өйткені, күйеуімнің ата-анасының 69 шаршы метрлік үйінен үлесі бар. Сол пәтерге тағы 7 үлестестің бар болуына байланысты, күйеуіме тек 8,625 шаршы метр ғана тиеді. Күтіп отырған пәтерімізден осы ауданды ғана алып тастауы керек деп ойлағанбыз, алайда әлі нақты жауап ала алмай отырмыз. Осы мәселені шешіп беруге көмектесіңіздерші. 22 қазан 2015, 00:00 2 116 просмотра
Сұрақ-жауап Өткенге оралу - Баймұханов көшесін қашан түзейді? Жаяу жүргіншілерге арналған жолды жөндеуді бастап, аяқсыз қалдырғаннан бері біз – Баймұханов көшесінің тұрғындары – тас жолсыз қалдық, енді жаңбырлы күндері балшық кешіп жүруге тура келіп тұр. №3 емхана мен темір жол вокзалына ауа райының қолайсыз күндері жаяу бару мүмкін емес. Сондай-ақ, автокөліктерге арналған жолды да кеңейту керек, өйткені, «Привокзальный» аялдамасы маңынан «Мұрагер» базарына дейін үнемі кептелістер пайда болады, әсіресе, кешке қарай және мереке күндері. Осы жолды жөндеу туралы өтінішімізге қалалық әкімдік үш жылдан бері ақша жоқ деген сылтау айтады. 22 қазан 2015, 00:00 2 057 просмотра
Сұрақ-жауап Сотқа кіру қиын - Атырау облыстық сотына кіреберісте полиция қызметкерлері сөмкемізді тексеріп, ұялы телефондарымызды арнайы жәшіктерге тастап кетуімізді талап етеді, алайда неге екені белгісіз, бұл ережелер адвокаттар, сот приставтары және прокурорларға қолданылмайды, олар телефондарымен бірге кіріп, сот отырысы залында да пайдалана береді. Егер сот қызметкері мұны барлық азаматтардан бірдей талап ете алмаса, бұл ереже неге керек? Менің ойымша, біз телефон камерасына бір нәрселер түсіріп, интернетке салып жібереді деп қорқатын сияқты. Егер судьялар судьялық этиканы ұстанатын болса, неден қорқады? 22 қазан 2015, 00:00 3 211 просмотра
Сұрақ-жауап Әжемнің менен басқа ешкімі жоқ - Жақында маған әскери бөлімнен шақырту қағазы келді, алайда, мен қазір әжеммен бірге тұрамын, ол кісіге қарайласамын. Әжемнің менен басқа ешкімі жоқ. Мен шақыртуды кейінге ығыстыра аламын ба немесе әскер қатарына шақыртудан босатылуға бола ма? 22 қазан 2015, 00:00 2 243 просмотра
Сұрақ-жауап Бәрі де тәртібіне байланысты - Адам бірінші рет 10 жылға сотталып, соның 5,5 жылын отырып үлгерді. Тәртібі жақсы. Алған мадақтаулары да бар. Ешкіммен жанжалдаспайды. Мекеме режимін бұзбайды. Ешкімге физикалық та, моральдық та зиян келтірмеді. 15 қазан 2015, 00:00 3 419 просмотра
Сұрақ-жауап Atyraudan mahabbatpen – Біз импортпен айналысамыз, сондықтан Ресей Федерациясына жиі хат жолдап тұрамыз. Корреспонденциялар жиналып, оны жіберу қажет болғанда, бізге шақырту бойынша пошташы келеді. Кезекті келу кезінде пошташы бізге жіберілгені туралы түбіртек беріп, хаттардың Ресейге егер мекен-жай ағылшын әріптерімен көрсетілсе ғана жіберілетінін ескертті. Егжей-тегжейін нақтыламады. Енді мекен-жайды қалай дұрыс жазу керек деп басымызды қатырып отырмыз: ағылшын транскрипциясымен бе, әлде ағылшын тіліне толықтай аудармасын жазу керек пе? Оның үстіне біз атауы мен мекен-жайын дұрыс аудару үшін өте күрделі импортер ресейлік фирмалармен және зейнетақы қорларымен жұмыс істейміз. Біздің хатымыз алушыға жете ме, шатыстыру орын алмай ма? 1 қазан 2015, 00:00 2 256 просмотра
Сұрақ-жауап Балабақша мәселесі – Балам №18 балабақшаға барады. Оның тобында, тізімге сәйкес, 75 адам тұр. Менің пікірімше, бұған мүлдем жол беруге болмайды. Оның үстіне, әртүрлі жастағы балалардан тұратын топтар бар. Қалалық білім беру бөлімінің қайда қарап отырғанын және бұл берекетсіздіктің қашан аяқталатынын білгім келеді. 1 қазан 2015, 00:00 3 458 просмотра
Сұрақ-жауап Көшірме дұрыс - Әкімшілік полиция басқармасында әкімшілік айыппұл төлегені туралы түбіртектің түпнұсқасын талап етеді. Алайда Мемлекеттік қызмет туралы заңда мемлекеттік органдардың азаматтардан түбіртектердің, чектер мен басқа да төлем құжаттарының түпнұсқасын талап етуге құқығы жоқ деп жазылған. Олай болса, әкімшілік полиция түбіртектердің түпнұсқасын талап етуге құқылы ма? 1 қазан 2015, 00:00 3 451 просмотра
Сұрақ-жауап Уға қарсы екпе бар – Бірнеше күн бұрын мені шаян шағып алды. Бұл жәндік қауіпті саналатындықтан және шаққан жер ауыра бастағандықтан мен облыстық аурухананың травматологиялық емханасына көмекке жүгіндім. Алайда дәрігердің айтуынша, шаққанға қарсы жағатын арнайы сарсу бізде жоқ екен. Менің жарамды өңдеп, таңып берді. Бір жақсысы, шаян кішкентай болып, тез жазылып кетті. Алайда екпенің неліктен болмағанын білгім келеді? 1 қазан 2015, 00:00 1 993 просмотра
Сұрақ-жауап Қырағы болыңыз – Күндіз-түні үйіміздің жанындағы кәріз құдығына вакуумдерден лас сулар құйылады. Жер жерден жаман иіс шығады. Вакуум жүргізушілері «АтырауСуАрнасы» КМК-нен лас суларды төгуге рұқсат алғанын растап отыр. Вакуумдерге арналған лас суларды құю нүктесі Атырау қаласының қай жерінде екенін түсіндіріп берсеңіз. 1 қазан 2015, 00:00 2 306 просмотра
Сұрақ-жауап Дәрі-дәрмекпен және сүтпен көмектеседі – Дүниеге егіздер келсе, қандай жеңілдіктер қарастырылған? 24 қыркүйек 2015, 00:00 2 271 просмотра
Сұрақ-жауап Бәрінің өз уақыты бар – Жақында бізге учаскелік инспектор келіп, ескі үлгідегі жеке бас куәлігін жаңасына ауыстыру керектігін, ескісінің кешікпей жарамсыз болатындығын айтты. Ал менің ескі жеке бас куәлігім 2018 жылға дейін жарамды. Оны ауыстырмауға құқылымын ба? 24 қыркүйек 2015, 00:00 2 264 просмотра
Сұрақ-жауап Ауыр жағдай – Жұбайым - Махмұд Боранбайұлы Жақаев «ОблТрансГаз» КМК-де жұмыс жасап жүргенде 2007 жылдың 20 наурызында өзінің еңбек міндеттемесін орындау барысында зақым алған еді. «ОблТрансГаз» КМК әкімшілік ғимаратын күзететін кезекшілігін атқару кезінде ол жабық ауыр бас-ми жарақатын алған, оң жақ самай бөлігі жаншылып, өткір субдуралдық қанды ісік жарақаты бар ауыр дәрежеде бас миы зақымдалған. «ОблТрансГаз» КМК кеңсесіне белгісіз тұлғалар кеңсе бухгалтериясынан сейф ұрлау мақсатында шабуыл жасаған... 24 қыркүйек 2015, 00:00 2 370 просмотра
Сұрақ-жауап Судан неге хлор иісі шығады? – Соңғы кездері қалалық суық сумен қамту жүйесіндегі судан хлордың иісі қатты шығады. Тағам әзірлеп, ауыз суға пайдалану үшін мұндай хлорланған су қаншалықты қауіпсіз? 17 қыркүйек 2015, 00:00 3 368 просмотра
Сұрақ-жауап Шашпасаң, таза болады - Контейнерлер маңында шашылып жатқан қоқыстарды кім жинайды, Арнайыавтобаза қызметкерлері ме, әлде ПИК пе? 3 қыркүйек 2015, 00:00 2 149 просмотра
Сұрақ-жауап Қай мектепті таңдаймыз? - Біз Лесхозда тұрамыз. Екі үлкен баламыз №3 мектепке барады. Кішісі биыл бірінші сыныпқа барады. Мекенжайы бойынша ол №28 мектепке баруы керек, алайда бұл қазақ мектебі, балам қазақша сөйлей алмайды. Мен баламды №3 немесе №33 мектепке орналастырғым келген, алайда мектеп директоры мекенжайымыз бойынша оқу керек деп, алудан бас тартып отыр. Туындап отырған осы жағдайды шешіп беруге көмектесуіңізді сұраймыз, мектепке бара алмай қаламыз ба деген қауіп бар. 3 қыркүйек 2015, 00:00 2 560 просмотра
Сұрақ-жауап ХҚКО-ға жүгір - Мен бас есепшінің сандық қолы бар флешканы жоғалтып алдым. Оның ішінде барлық құпия сөздер мен маңызды құжаттар бар еді. Бұл ақпараттарды бөтен адамдар пайдалана алмас үшін не істей аламын? 3 қыркүйек 2015, 00:00 1 990 просмотра
Сұрақ-жауап Даярлық сыныбына екінші рет барады - Менің қызым былтыр мектепке даярлық сыныбына барды. Енді биыл оны 1-сыныпқа берейік десек, мектеп басшылығы бізге қызымның жасы 6-ға толмағанын айтып, қабылдамай отыр (ол 17 қыркүйекте 6-ға толады). Ол оқуды да, есеп шығаруды да біледі. Сондықтан, даярлық сыныбында енді оған қызық емес. Неге ата-аналарға баланың жасына байланысты даярлық сыныбында екі жыл қатарынан оқытуға тура келетінін басында ескертпейді? 3 қыркүйек 2015, 00:00 2 473 просмотра
Сұрақ-жауап Талап орынсыз - Мен мектеп мұғалімімін. Былтыр белгілі себептермен үш айлық деңгейлік курс бағдарламасынан өте алмадым. Оның үстіне бұл оқу бағдарламасынан өту ерікті түрде жүргізіледі делінген болатын. Ал, мен жұмыс істейтін мектептің директоры күнтізбелік жоспарымды сол үш айлық деңгейлік курстың бағдарламасы бойынша құруымды талап етіп отыр. Бұл талабы орынды ма? 3 қыркүйек 2015, 00:00 2 734 просмотра
Сұрақ-жауап Әткеншектер бұзылып қалады – Мен Азаттық, 26А мекенжайында тұрамын. Балалар алаңына кім қызмет көрсетуге тиіс: қалалық ТКШ бөлімі ме, әлде ПИК пе? 13 тамыз 2015, 00:00 2 222 просмотра
Сұрақ-жауап Жаңа орында - жаңа кезек – Ұлым дүниеге келген бойда Қазақстанның басқа қаласынан балабақшаға орын алуға кезекке тұрдым. Өйткені, бұрын сол жақта тұрғанбыз. Бір жыл бұрын отбасымызбен Атырауға көшіп келдік. Мен басқа қаладағы балабақшадан орын алу кезегімді ауыстыра аламын ба? Қазанда ұлым үш жасқа толады. Басқа қалада кезекте 13-ші болып тұрған едік. 13 тамыз 2015, 00:00 1 906 просмотра
Сұрақ-жауап Ұлымның құқығы бар ма? – Мен Ресей Федерациясының азаматымын, Қазақстанда мекенжай қағазымен өмір сүрудемін. Ұлым Қазақстанда дүниеге келген. Оған ЖИН беруге қол жеткізе алмай келемін. Үнемі бас тартады. Ұлымның Қазақстаннан ЖИН алуға құқығы бар ма? 13 тамыз 2015, 00:00 2 209 просмотра
Сұрақ-жауап «Востокта» заң бұзушылықтар анықталды - Азаттық даңғылы, №64 үйдің жертөлелерінің суға кетуіне қандай себеп болды? ПИК-ті тексеру қалалық әкімдік жанындағы тұрғын үй инспекциясының құзырына кіре ме? 6 тамыз 2015, 00:00 2 735 просмотра
Сұрақ-жауап Жеңілдіктің жыры – Жақында әлеуметтік жоба шеңберінде «Атаба» компаниялар тобы зейнеткерлер үшін тауарларға 10 пайыз жеңілдік ұсыну туралы меморандумға қол қойды. Мен зейнеткермін, бірақ «Атаба» уәде еткен жеңілдік картасын ресімдей алар емеспін. Жилгородоктағы «Атаба» супермаркетінде уәде етілген жеңілдік картасын ресімдеу үшін маған алдымен 3000 теңгеге тауар алу керектігімді айтты. Тек осыдан кейін ғана мен картаны ресімдей алады екенмін. Онда да тек әртүрлі күні белгілі бір азық-түліктерге ғана жеңілдік ұсынады. Мәселен, бір күні әлдебір сүт өнімі, басқа күні – жармалар және т.б. Яғни, меморандумға қол қойылған кезде айтылғандай уәде етілген жеңілдікті мен әр уақытта пайдалана алмаймын.Балықшыдағы «Атаба» супермаркетінде маған картаны тек дүйсенбі мен бейсенбіде ғана ресімдей алатынымды және жеңілдіктің тек нан мен сүтке ғана қолданылатынын айтты.Зейнеткерлерге осы картаны ресімдеу үшін нақты шарты қандай екенін білгім келеді. Уәде етілген 10 пайыздық жеңілдік қандай тауарларға беріледі? 30 шілде 2015, 00:00 2 432 просмотра