Атырау, 26 желтоқсан 12:44
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әжемнің менен басқа ешкімі жоқ

2 245 просмотра

- Жақында маған әскери бөлімнен шақырту қағазы келді, алайда, мен қазір әжеммен бірге тұрамын, ол кісіге қарайласамын. Әжемнің менен басқа ешкімі жоқ. Мен шақыртуды кейінге ығыстыра аламын ба немесе әскер қатарына шақыртудан босатылуға бола ма?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаменттің бөлім басшысы Андрей БЕЛЯЕВ жауап берді:

- Заңның 35-бабына сәйкес, отбасылық фактор әскерге шақыртуды кейінге ығыстырудың себебі болуы мүмкін. Алайда, ол әскерден мүлдем босата алмайды. Мәселен, егер азамат басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерін күтумен айналысса. Бірақ бұл Қазақстан Республикасында онымен немесе бөлек тұратын басқа жақын туыстары болмаған кезде мүмкін. Айта кетейік, басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:

әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса; ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері; әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi); өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi).

22 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.