– Мен Азаттық, 26А мекенжайында тұрамын. Балалар алаңына кім қызмет көрсетуге тиіс: қалалық ТКШ бөлімі ме, әлде ПИК пе?
Телефон арқылы
Сұраққа қалалық ТКШ бөлімі басшыcының міндетін атқарушы Өмірбек КАМАЛОВ жауап берді:
– Биыл балалардың ойын алаңдарына қызмет көрсету тендерін «Гильфер» ЖШС жеңіп алды. Бюджеттен бөлінген сома - 20 млн теңге. Егер балалардың ойын алаңы қалалық ТКШ балансында болса, онда қызмет көрсетумен осы ЖШС айналысуға тиіс. Тұрғындарға тек өз ПИК-теріне хабарласып, ақаулар туралы хабарлау керек. ПИК бізге өтінім береді, біз «Гильфер» ЖШС-не хабарлаймыз. Біздің балансымызда 161 ойын алаңы бар.
«Гильфер» ЖШС директоры Сержан АЙТЖАНОВ:
– Азаттық, 26а мекенжайындағы ойын алаңы қалалық ТКШ балансында тұр. Біз ақауды жою үшін маман жібердік. Өтінімдер көп түседі. Негізінен, әткеншектер бұзылып қалады. Әр 10-15 күн сайын жөндейміз. Басты мәселе – кейде әткеншектерге ересектер отырады, ал, құрылым мұндай салмаққа есептелмеген. Жақында ғана Нұрсаядағы жұмыстарды аяқтадық – осы аудандағы балалардың ойын алаңын толықтай жөндеуден өткізіп, боядық. Кезекте Привокзальный, Алмагүл ықшамаудандары тұр. Жолшыбай өтінімдер бойынша жұмыс істейміз.