Атырау, 26 желтоқсан 12:36
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Уға қарсы екпе бар

1 994 просмотра

– Бірнеше күн бұрын мені шаян шағып алды. Бұл жәндік қауіпті саналатындықтан және шаққан жер ауыра бастағандықтан мен облыстық аурухананың травматологиялық емханасына көмекке жүгіндім. Алайда дәрігердің айтуынша, шаққанға қарсы жағатын арнайы сарсу бізде жоқ екен. Менің жарамды өңдеп, таңып берді. Бір жақсысы, шаян кішкентай болып, тез жазылып кетті. Алайда екпенің неліктен болмағанын білгім келеді?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аманбек ЖҰМЫРОВ жауап берді:

– Мұндай жағдайда әрдайым да токсикологиялық сипаттағы медициналық көмек көрсетіледі. Облыстық ауруханада, сонымен қатар барлық аудандық медицина мекемелерінде қарақұрт пен жылан уына қарсы сарсу үнемі болады. 1 маусымнан бастап қазірге дейін жеті адам көмекке жүгінді. Оларды жылан, кене және шаяндар шағып, көмекке жүгінген. Шаққаннан кейін асқынулар тіркелген жоқ.

1 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.